11:00
Шұғылалы шешендік

ЖҮЙРІКТІҢ БІР МІНІ БАР

(Айтқожа шешен айтқан сөздер)

Қас жақсының белгісі

Қас жақсының белгісі –

Әрі мырза, әрі құл.

Қас жаманның белгісі –

Өз үйінде өзі құл.

* * *

Өз басыңа жау келсе,

Ерлігің зая.

Өз басыңа дау келсе,

Билігің зая.

* * *

Шөлде өскен дуадақ,

Көл қадірін білмейді.

Көлде өскен қоңыр қаз,

Шөл қадірін білмейді.

Тауды жайлап, таста сөкен,

Ел қадірін білмейді.

 

Қонақжайлық белгісі

Сырттан келген мейманға,

Сәлем беріп, қол алсаң –

Бірінші еткен құрметің.

«түсіңіз» деп түс беріп,

Шылбырына оралсаң –

Екінші еткен қызметің.

Есік ашып енгізіп,

Көрпе төсеп құп алсаң –

Үшінші еткен құрметің.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 49 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: