15:21
Саулық кілті

АШЫҒУ

Біздің заманымызда балаларды мүлде теріс тамақтандырады. Біріншіден, көптеген аналар балаларына омырауын емізбейді, не емшектен өте ерте шығарады. Сондықтан бала өзіне ең қажетті тағам – ана сүтінің нәрін ала алмайды. Балалар бөтелкеден емізік емеді. Барлық пайдалы заттардан тазартылған ақ ұн, шақпақ қант, қауіпті тұздармен тамақтандырылады. Осы заманғы баланың денесін улау сала басталады. Сондықтан мезгілсіз күйреу сөзсіз болады, біреуге ертерек, біреуге жайырақ. Егер сіз денсаулық жөнінде нақтылы мәлімет алғыңыз келсе, жан-жағыңызға қараңыз: көптеген балалардың тісін құрт жеп, бүлінген. Көбісі 20 жасқа жетпей-ақ жасанды тіс салдырады. Тағамның асқазанға жағымдысы сілтілісі бола тұра, ішіпжегеніміздің көбісі қышқыл. Білімсіздіктің өзі қауіпті жау.

«Бала кезімде, - деп жазады П.Брэгг, - тамақты қалың етіп майлаған табаға тауықтың балапанынан бастап, шошқаның тұздап, сүрлеген майы мен еті, картоп, қою тұздалған қаймақ, көптеген тоқаш (пирожки) сияқты әртүрлі қуырылған тамақтар жеп, қайнатпасы (варенье) тағы бар және жылдар бойы өзіндік уланумен азап шеккенімді білмегенмін. Мұнан басқа көптеген қоздырушы заттар, уландыратын тағамдармен тамақтанғанмын. Өзіндік улану салдарынан 8 сағат ұйықтаудың орнына 10 сағат ұйықтайтынмын. Сонымен қатар, ұзақ уақыт ұйықтап тұрсам да, сергек, ширақ емес, солғын, көңілсіз оянатынмын».

Көптеген адамдар өмір сүріп жүрген жоқ, тек күнелтіп жүр. Көпшілігінің денесі улы заттармен сірескен, олар үшін өмір – азап. Күнмен жарысып, ерте тұрудың әдетке айналдыр, өте көп дүние жасап үлгересің. Өзіңе-өзің күш жұмсай білсең, жетістіктерге оңай жете аласың. Көпшілік адамдар шылым шегеді, кофе, пепси-кола, спирт ішімдіктеріне әуестігі де түсінікті. Өзіндік уланудың әсерінен олар терең уайым-қайғыға беріледі. Таза бұлақ көзін ешкімнің де уландырғысы келмейді. Ал, біз өміріміздің қымбат бөлігі қанымызды үнемі уландырып келеміз. Біздіңқанымыз табиғатында сілтілік реакцияда болуы шарт. Бас аурудан бастап, бөртпе, безеу пайда болып, іріңдеген қышыма, шығуы қарапайым тұмау сияқты аурулар қышқылданудан пайда болады. Ал, ол өзіндік уланудың салдары. Қанымыз аса ластанған жағдайда абайсызда бізді бас салуға мүмкіншілігі дайын тұрған, өзімізді ауру ететін микробтарға құнарлы ортаны өзіміз жасап, өз үйіндей сезініп, өсіп-өнуіне, ағзаларды қырып-жоя беруіне мүмкіншілік туғызамыз.

Қышқылданған қанды қалай бейтарап қалдыруға, қалай тазалауға болады? Жауап: өзіндік улану біліне сала қанды сілтілік қосындыларымен қанықтыру керек. Үш-төрт күн ашығып, соңынан сілтілік тағамдарға көш, қышқылы мол тағамдардан бойыңды аулақ ұста. Ал, қандай өнімдер сілтілік рекциялы болады? Әсіресе, жаңа көкөністер, жеміс-жидек, жасыл (аскөк, ақжелке, пияздың сабағы) қосылған салаттар сілтілік реакция береді. Тағамдардың алпыс пайызы көкністер мен жеміс-жидек, шикі, жаңа дайындалған болуы керек. Тамақ алдында үнемі салат же, шикі болғаны жақсы. Уланған әлжуаз адамдар көкөніс пен жеміс-жидекпен қоректенуден бас тартады. Денсаулық үшін сілтілік көкөніс пен жеміс-жидек таптырмайтын тағам. Алдымен өзін-өзі кұштеп жей берсе, уы шығып соңында сілтілі тағамдармен тамақтануға көңілі ауатын болады. Асыра жеумен өзіңді-өзің уландырма, асыра жеу мезгілсіз өлтіреді.

Қандай өнімдер қышқыл болады? Негізінде, көмірсутегі, кофе, шай, спиртті ішімдіктер, ұннан жасалған тағамдар, ет, балықтар жатады. Бұл өнімдерді жеуге тыйым салудың, тіпті, жартылай шектеудің өзі адамға қорқыныш туғызады.

Егер өнім жасыңды ұзартқың келсе, көп нәрсе жасауға тура келеді. Ең ақырында, бұрын сізге қорқынышты болып көрінгендер есте ғана қалады. Жаңа мақсат бұрынғымен салыстырғанда қаншалықты қиын сияқты көрінсе де іске сәт деп ойлап, кірісіп кетсеңіз, мәселені шешу тым оңай. Негізінде, жеміс-жидек, көкөніс, салат, жаңғақ, күнбағысты талғау етіп, диета ұстану тіпті де қиын емес. Шынында, жас жеміс-жидек, салат, көкөністердің тізімі көп және әртүрлі. Осыларды мол көлемде дайындап алуды ешкім де жоққа шығармайды. Жаңғақ және барлық дәнді дақылдар сіңімді, дәмді. Азғантай қуырылған жер жаңғағы мен бадам жемісі, күнбағыс пайдалы. (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 266 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: