10:45
Саулық кілті

АШЫҒУ

Барлық аурудың 99 пайызы дұрыс емес, табиғи емес тамақтанудан шығатынына сенесіз. Адамдар өздерінің ауруын, мезгілсіз қартаюын не болса содан көреді, бірақ тамақтан болды демейді. Сондықтан азап шегу себебі олар үшін жасрын күйінде қала береді. Рас, обыр ісігі әбден үлкейіп өңеші бітелген күні жеп отырған тамағынан көретіні бар. Бірақ, бұл көрініс ауру асқынып біткеннен кейінгі тіршілік.

Әдетте, адамдар мұның көп жылдар бойы асыра жеп, ашығып тазартуды пайдаланбағаннан болғанын білмейді. Табиғат бұл уды қай кезде ақтарғысы келеді, міне, сол кезде «қопарылыс» жасағанын ауру деп жүр. Дәл осы кезде ғана адамдар аурудан құтылу жолын іздей бастайды. Ол жол – ашығу екенін еске де алмайды.

Ауру дегеніміз – табиғат сіздің денеңіз улы заттармен толып кеткендігін білдіретін белгі. Өлгендерде ауру болмайды. Тіршілік иесінде ғана проблема бар. Ашығу арқылы денеге жиналған қалдықтар мен уларды сыртқа шығару табиғатына көмектесе аласың. Мұны әрбір жабайы аң-құстар да біледі. Бұл нағыз жәндіктердің түйсігі – еріксіз сезімі. Біз адамдар өркениетті ортада ұзақ өмір сүріп келеміз. Бұл түйсігімізді ұмыттырды. Ұмытқанымыз ашығу еді.

Адам нағыз ауырған кезде тамаққа тәбеті шаппайды, тағамның иісінен сескенеді, дәмінен жиіркеніп, лоқсып құсады. Қамқоршы туыстар мен достар тамақ ішуді үгіттейді, «тамақа іш, күш-қуатың кіреді» дейді. Осы сендіруден кейін сіз аз да болса тамақтанғыңыз келеді. Бірақ түйсік тамақтануды доғаруды ескертеді. Табиғат сіздің ашығуыңызды қалайды. Неге десеңіз, ағза күш-қуатын денені тазалауға жұмсағысы келеді. Табиғат-ананың нәзік дыбысын есту мен түйсіну қиын. Ашыққанда сіздің сезіну қабілетіңіз күшейеді. Ашығу ақыл-ойды сергітеді, табиғат тылсымын түйсік арқылы сезіндіреді.

Мысыр, ұлы Александрия бір кезде дүние жүзінің мәдениеторталығы болғанын білеміз. Сол кезде адамдар жылына 40 күн ашығуға міндетті болған. Ұзақ уақыт судан басқа дәм татпаған, ашығуды білетін білгір абыздардыңқасындаболып, үйренген. Будда, Иса, Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарлардың өздері де ашығады екен. Сонымен, ашыққанда ағзаның көңіл күйі мен халі төмендегенді былай қойып, үлкен ой күшін қосады. Ашыққаннан кейін ақыл-ойы өткір, еңбегі өнімді ақпарат хабарларды да тез қабылдай алатын болатынына көзі жетеді, тек тексеріп көру керек. Виктор гюго денеміздегі уды адамның ішіндегі «жыланға» теңеген екен. Шындық солай.

Өзіндік улану – ұзақ жасаудың жауы, мезгілсіз қартаюдың дұшпаны.

Улану (интоксикация) соңғы ғасырларда адам баласының ең үлкен жауына айналып отыр. Үйреншікті болғанымен аз зерттелген-ді.

Өзіндік улану – бұл біздің қауіпті жауымыз болатын себебі, ол қанды уландырудан басталады. Жүрек, бауыр, бүйрек, қызыл қантамырларын зақымдандырумен ауруды ұлғайтады. Мезгілсіз қартаюдың барлық сетептерін қоса айтқанда, ағзалардың улануы ең бастысы. Қанның тазалығын сақтау – бұл мәселенің жартысы ғана. Біз көбінесе шамадан тыс көп тамақтанып, алдыңғысын қорыта алмай жатқанда, жаңасымен асқазан қызметін ауырлатамыз. Біз нақтылы белгілеген сағаттарда: қарнымыз аш па, тоқ па, оған қарамастан, түскі тамақ ішетін мезгілде тоя тамақтануға әдеттендік. Бұл соңғы ғылыми жаңалықтарға қаағанда құптарлық емес. Дені-басы толық сау туған бала ғылымға сәйкес өмір сүрсе, қиыншылықсыз-ақ 120 жасқа жетуге тиіс екендігінекүмәнданбаңыз. Қартаюдың ауруы деген жоқ. Сізді өлтіретін нақтылы бір ауру бар. Егер сіз бала кезіңізден дұрыс тамақтанып, апта сайын бір тәулік, жылына 4 рет мезгіл-мезгіл 7-10 күннен ашыға білсеңіз, өлтіретін аурулардың мүмкіншілігі азаяды. (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 265 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: