09:45 Саулық кілті | |
АШЫҒУ Жұмыс орны өте ыстық өндірістерде жұмысшы терлегенде «денесіндегі тұздар азайып кетеді» деп, тұз жегізіп жататын елдер де кездеседі. Ал, бұл дұрыс емес. Көп терлегеннен тұз азаймайды. Біздің қазіргі жейтін негізгі жемістер мен басқа тағамдарда қажетімізді өтетін тұздар (натрий) жеткілікті. Тағам құрамындағы табиғи натрий жеткілікті болғандықтан натрий тұзын денеге жіберудің қажеті жоқ. Науқас адамдарға ота жасағаннан кейін қанына 0,85%, кейде одан да көп мөлшерде тұз ерітіндісін құяды. Негізгі ауруынан аығып шыққаннан кейін әлгі адамдардың қайсыбірінің қан қысымы көтеріліп, бейнет шегеді. Науқас неден болғанын білмейді. Дәрігер ота жасағаннан кейін натрий ерітіндісінен қанша неше литр жібергенімен ешбір ісі жоқ. Міне, біз сөйтіп кейбір кездерде қан қысымы ауруын аураханадан да алып шығамыз. Егер бүйрегі зақымдалмаған болса, тұзсыз тамақтанып, бірнеше күн ашықса, қан қысымы қалпына келеді. Ал, бүйректің нәзік сүзгілері қызмет істемей қалған болса, онда сөз жоқ қиынға соғады. Денеге тұздаушы дәрілер емес, табиғи натрий қажет. Табиғи натрий күнделікті ішетін суда, көкөністерде, етте мол. П.Брэгг былайша жазған: «Менің 50 жыл өмірімде ашығып жасаған тәжірибеммен ғылыми зерттеуімде байқағаным, жоқ дегенде төрт тәулік (96 сағат) ашыққанда тұзар денеден шығатын мүмкіндік бар. Ол үшін несебіңді зертте. Тек булап алған су ішіп төрт күн ашығып көр. Алғашқы күнгі несебіңді жина. Оны жинаған бөтелкеңді салқын көлеңкелі жерге 2-3 апта сақта да, 12 не 21 күннен кейін жарыққа шығарып қарасаң, бөтелкенің түбінен натрийдің жанама тіршілік әрекетін көресің. Қашан несебіңнен натрий тұзы жоғалады, сол кезде бүйрегің кедергісіз жұмыс істейді. Аузың құрғап, шөлдейтін әдетіңмен денеңдегі аздаған ісік кетеді. Ішіп-жеген тағамдарды сіңіруге жұмсалатын тіршілік қуатын ашыққан кезде енді тек дененің әрбір түкпіріне жиналған улар мен тұздарды сыртқа шығаруға жұмсау мүмкіндігін алдың, жасушаларың жасарды. Төрт күн ашыққаннан кейін енді тұзды тағам қолдануды тыю керек. Барлық түрлі ішіп-жемдерде «жасырын тұздар» бар. Сондықтан апта сайын бір тәулік ашыққан жөн. Ашығу – тазалаушы, бірақ дауалаушы емес. Парыз – қатаң әмірші. Біз бұған бағынуымыз міндет.» Тіршілік қуаты – қымбат дүние, дүкенде сатылмайды. Көптеген адамдар кофеде, арақта, шайда, кока-колада тіршілік қуаты бар деп ойлайды. Қателеседі. Тіршілік қуаты адамға өмір сүру үшін Алланың ғана берген сыйы. Адам жаман әдеттердің салдарынан ауырады. Күш-қуаты төмендейді. Тіршілік қуаты азаяды. Сөйтіп денесі босаңсиды. Күш-қуатының төмендеуінен бүйрек, тері, өкпе, ішек – барлық улы қоқыстарды бөліп шығару жүйесінің тіршілік әрееті баяулайды. Сөйтіп, әртүрлі улы заттар денеден толық бөлініп шықпайды. Дененің әртүрлі бөліктеріндегі улы шөгінділер сезім жүйесіне әсер ететіндіктен ауыртады. Бұл сізге берілген салауатты өмір сүру заңдылығымен есептеспей жатқаныңызға табиғаттың алдын ала беріп отырған дабылы. «Өзімнің жағымсыз қылығымнан болды» деп адам өзін кінәламайды. «Жоқ, мен суық тигізіп алдым, шаршадым, өзімді нашар сезінемін, себебі мен қартайдым» дейді. Нағыз шындық айтылмайды. Өзін-өзі ақтаумен болады. Сіздің мезгілсіз қартаюыңызбен ол жр, бұл жеріңіздің ауруы және дерттің пайда болуына өзіңіз ғана жауаптысыз. Басқа ешкім де жауап бермейді. Тіршілік қуатының деңгейін төмендетіп алғансыз. Денеден улар бөлініп шықпайды. Жиналған улар ол жер, бұл жеріңізді ауыртады, сізді қинайды. Ашығу – бұл табиғат тіршілік қуатын сақтаған қойманың кілті. Ашығу – әрбір жасуша, әрбір мүшеге тіршілік қуатын сыйлайды. Сіз үшін мұндай қызмет жасау ешкімнің қолынан келмейді. Мұны өзіңе-өзің жасауың тиіс. (жалғасы бар) әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |