17:51 Сөз-сөйлеу сырлары | |
УАҚЫТ РЕГЛАМЕНТІН СЕЗІНЕ БІЛІҢІЗ Неғұрлым қысқа сөйлеу үшін соғұрлым ұзақ дайындық керек. Уинстон Черчилль Ежелгі Африкада сөйлеуші адамның уақыт регламентін белгілеу үшін қолданылатын тәсіл – бір аяқты көтеріп тұру болған. Яңни, сөйлеу уақытың аяғың талғанша ғана. Қазіргі заманда уақыт регламентін белгілеудің тәсілдері ауысса да, құндылығын жоғалтқан жоқ. Сол себепті әрбір оратор, тілші уақытты сезіне білу керек. Физикалық тұрғыдан сезіну керек. Бір минуттың ұзақтығы қандай? Бес минут пен он минуттың жылдамдығы қандай? Кейбір ораторлар регламентке сай келмей жатады. Олардың сөзін бөліп тоқтатады немесе қосымша уақыт беріп, сөзін аяқтауға рұқсат береді. Ол кезде сөйлеушінің ойы тиянақсыз, халыққа түсініксіз болып қалуы мүмкін. Есіңізде болсын: сөзіңізді берілген регламенттен 10 секунд кеш аяқталғаннан 1 минут ерте аяқтаған тиімді. Халықты «қашан сөзі бітеді екен» дегенге жеткізбей, уақытылы әсерлі аяқтаңыз.әрі өзіңізге берілген уақыт регламентінен асырып сөз сөйлеу – тыңдаушыға да, өзге ораторларға да, ұйымдастырушыларға да немқұрайлы қарым-қатынас жасаудың белгісі. Бірде ғылыми конференцияда алғашқы сөйлеушілердің бірі болып шықты. Алты ғалымға зерттеулерін қорғап шығу үшін 2 сағат уақыт берілді: әрқайсысына 20 минуттан. Қатаң регламент, бірақ сөйлеушілердің қатардағы студент емес, ғалым екендерін ескерсек, қорқынышты мәселе емес. Конференция ұйымдастырылығандай өтпеді. Бір ғалым 39 минут сөйлесе, келесі ғалым 35 минут сөйледі. Нәтижесінде ең соңғы қорғаушыға уақыт жетпей қалды. Барлық тыңдаушылар, баға берушілер, ұйымдастырушылар жоспардан ты уақыт бөліп, тыңдауға мәжбүр болды. Оның бағамдауы бойынша, сөйлеушілердің 60% сөзі тым созылып, тақырыптан ауытқып отырды. Демек, оратордың өзіне берілген уақытты сақтап, сол берілген уақытта сөйлеп шығуы – ең алдымен, аудиторияны сыйлауы, екіншіден, жақсы дайындығының белгісі, үшіншіден, өзіне деген сенімділіктің белгісі. Оратордың сөзі 3 бөлімнен тұратынын ескерсек, әр бөлімге жеке уақыт арнаңыз, бөлімдердің арасын кідіріспен бөліңіз:
Өзіңіз сөз сөйлегенде өзгенің де уақытына құрметпен қараңыз! Уақыт регламентін дұрыс сақтау дайындықтан басталады. Ел алдына еш дайындықсыз шықса да, аяқасты сөз тауып кететін сөзшеңдігімен, елді аузына қарата алатын шеберлігімен ерекшеленетін спикерлер болады. Әдетте, ондай адамдардың харизмасы, батылдығы жоғары, ситуацияға реакциясы жоғары болады. Және сахнада да керемет өнер көрсетеді – еш дайындықсыз-ақ! Бірақ, ол өз тәжірибесінде осындай ерекше дарыны бар жандар да алдын-ала дайындалса, тіпті керемет сөйлеп шығатынына көз жеткізді. Конференциядағы есебі – ерекше әрі нақты, тілек айтса – қызықты әрі өтімді, сөз сөйлесе – әдеттегіден қысқа әрі нұсқа болар еді. Сол себепті алдын-ала дайындықтың қажеттілігін жоққа шығара алмайды. Атақты оратор Уинстон Черчилль: «Неғұрлым қысқа сөйлеу үшін, соғұрлым ұзақ дайындық керек...», - деп айтып кеткен. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
