21:37 Сөз-сөйлеу сырлары | |
КЕЛІССӨЗДІ ӨЗ ПАЙДАҢЫЗҒА ШЕШУДІҢ ЖОЛЫ Келіссөздің тағы бір түрі бар – келісімге келу емес, керісінше, дауласу. Дауласу кез келген, тіпті дамыған елдерге де тән құбылыс. Бірақ сол дау-жанжалды ушықтырмай шеше аламыз ба? Сол дауды шешу мәдениетіміз қандай? Бізде кез келген дауды сот шешеді деген көзқарас қалыптасқан. Дегенмен мынаны білген жөн. Біріншіден, істі қарау ұзаққа созылуы мүмкін. Ол аяқталғанша бір емес, бірнеше сот отырысы өтеді. Аппеляция, тіпті кассация шешімі де көңілден шықпауы мүмкін. Екіншіден, бұл үлкен шығын. Мемлекеттік баж төлейсіз, сот шығынын өтейсіз, заңгер жалдайсыз. Жолға, қонақүйге шашыласыз. Үшіншіден, ашуға ерік беріп, жүйкеңіз жұқарады. Неге десеңіз, сот – дау алаңы. Онда айтысып, тартысуға мәжбүрсіз. Отбасы, достар, жұмыс, бизнес – бәрі шетте қалады. Бұл бергі жағы. Кейде тараптар ашуға беріліп, бір-біріне ауыр сөздер де айтып жатады. Егер дауласушылар бір әулеттен болса, онда сол шаңырақтан береке қашады. Ал дос, қызметтес болса, арадағы сыйластық бұзылады. Әр судбір мезетте 100-ден аса азаматтық іс пен материал қарайды. Істерге көмілген судьядан қандай сапа, қандай нәтиже күтуге болады? Оның үстіне, ақ-қарасын айыруға келмейтін жағдайлар да бар. мысалы, ағайын арасындағы дауды сот таразысына салу қаншалықты дұрыс? Бабаларымыз «алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген. Бұл – қанымызда бар қасиет. Қазақ даласында дау бейбіт жолмен шешіліп отырған. Дамыған елдерде даулардың 70-90%-ы сотсыз, бітіммен аяқталады. Ең дұрысы – татуласу, келісу, бір мәмілеге келу. Бұл – мемлекет өркендеуінің алғышарты. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында еврейлердің өздерінің діни наным-сенімдеріне негізделіп, «Бет Дин» деп аталатын ратификацияланған сот жүйесі бар. қандай да бір сұрақ, дау туындай қалса, еврейлер америкалық сотқа емес, өздерінің сотына жүгінеді. «Бет Дин» жүйесіндегі сот төрағалары діни білім алумен қатар, заңгерлік білімі де болуы шарт. Кәсіби серіктестер болсын, ерлі-зайыптылар болсын немесе туыстар арасында мәселе туса, раввиндерге келеді және мәселе арбитраж түрінде шешіледі. Зайырлы болса да, мемлекет бұған рұқсат береді. Егер екі жақтың біріне раввиннің шешімі ұнамай қалса, олар мемлекеттік сотқа шағымдана алмайды, себебі әу баста «Бет Дин» арқылы шешуге келісім беріп, қол қойған. Раввиндер дауды барынша әділ әрі екі жаққа да пайдалы етіп шешіп, татуластыруға тырысады. Келісімге келу – ең басты мақсаттары. Біз де елімізде дау-дамайдың барынша аз болғанын қалаймыз. Татуласу үшін жан-жақты жағдай жасауға тырысуымыз керек. Хандық дәуірде ел арасындағы дау-дамайды билер шешетін болған. Бертін келе қазақ даласы КСРО құрамына енген соң, барлық іс Кеңестік сот өкілеттігіне өтті. Тәуелсіздігімізді қолымызға алып, еркін ел болған заманда, неге ескі дәстүрді жаңғыртып, билер құрып, дау-дамайды бейбіт жолмен шешпеске?! баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
