17:59
Сөз-сөйлеу сырлары

КЕЛІССӨЗДІ ӨЗ ПАЙДАҢЫЗҒА ШЕШУДІҢ ЖОЛЫ

Кейде келіссөз барысында сіздің берген ақпараттарыңызбен қарсы тарап келіспеуі мүмкін. Сіздің ойыңызға қарсылық білдіріп, қиын сұрақтар қоюы ғажап емес. Алаңға ашық айтысуға шақыратындары да болады. Осындай жағдайда не істейміз?

Импровизациядан бөлек, оның бірнеше тәсілі бар:

  • Ең әуелі, тыңдаушының назарын толықтай өзіңізге аударып алыңыз. Ол үшін тыңдаушының есімін атап, өзіңізге қаратыңыз: егер сөйлем басында атын атасаңыз, назары сізге ауады, ал егер сөйлем соңында айтсаңыз, тыңдаушы басын изейді. Бұл әрі қарай сұхбатты әдемі жалғастырудың кепілі.
  • Диалог барысында тыңдаушының пікірімен келісетіңізді білдіріп, сөз арасында қосып отырыңыз: «өзіңіз айтқандай», «Сіздің айтуыңыз бойынша» т.с.с. сөздерді пайдаланыңыз. Бұл оппонентпен сенімді байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
  • Екеуара түсінікті әңгіме қозғаңыз: «Барлығымызға мәлім...», «Балалық шақта баршамыздың басымыздан өткен» деген секілді сөздер сай келеді. сонда тыңдаушы сіздің сөзіңізге бас изеп мақұлдап отырады. Бұл – өз позицияңызды қорғап шығып, мақұлдатудың мықты құралы.
  • Реті келенде, шегіне біліңіз. Егер жағдай ушығып, қарсы тарап сіздің сөзіңізбен келіспей, қарсы шығып жатса, кішігірім кідіріс жасаған ұрыс. Қателесіп қалған болсаңыз, қатеңізді түсінген замат бірер секунд үнсіз қалыңыз. Тыңдарман сабасына түскен соң, әрі қарай жұмсақ түрде байыпты қалыппен өз позицияңызды тағы ұсынып, қорғап шығыңыз.
  • Қорқынышыңызды жеңе біліңіз. Егер сізде қорқыныш басым болса, келіссөзде жеңіліс табуыңыз мүмкін. Нәтиже ойдан бастау алады. Егер жеңіліп қаламын деп ойласаңыз, солай болуы ықтимал. Сол себепті алдын-ала қорқынышпен жұмыс жасаңыз. Оның жолдарын өткен бөлімдерде айтып өткен болатынбыз.
  • Көзбен байланыс орнатыңыз. Сізбен диалогта қарсы тарап сізді сүріндірудің түрлі жолын іздейді. Көз – адам жанының айнасы. Кейде адамның өзінен бұрын көзі көп ақпаратты беруі мүмкін. Әсіресе, көзбен байланыс орнату саяси оратор үшін аудиториямен қатынаста өте маңызды.

Не үшін десеңіз:

  1. Көзбен адамға фокус қою айтар ойыңыздың шашырамай жинақы болып, сөзіңіздің жауапкершілігін сезінуге көмектеседі.
  2. Аудиториядағы адамдармен көзбен байланыс орнатпасаңыз, сөзіңізге сенім аз болады. Ал сахнадағы сөйлеушіден сенімділікті көрмеген адамның сөзіңізді тыңдауы екіталай.
  3. Көптеген ораторлардың сөзінің өтімді болуы дұрыс қойылған паузаға да байланысты. Қарсы тараптың көзіне тіке қарап кемінде 3 секунд кідіріс жасау – жеңіске жетудің төте жолы.

Орбита тізбегін есімізге түсіреміз. Жетістіктің 90%-ы сіздің ішкі жай-күйіңізге байланысты. Тізбектегі 2 қағида – аудиториядағы әрбір тыңдаушыны досыңыздай көріңіз деген. Егер сіз залда отырған адамдарды ата жауыңыздай көріп, өз көзқарасыңызды қорғауда барынша қатты болған сайын, жеңіліс табасыз. Ашық айқасқа кіріп кеткеніңізді байқамай, ашуға бой алдырасыз.

Сізге бір адам қарсы қиын сұрақ қойып жатса, ол адамның жаман екендігінен емес. Бәлкім, сіздің сөздеріңіз оның ең жанды жеріне тиіп, негативті эмоция шақырғандығынан, бәлкім, ол адамның көңіл-күйі болмай отырғандығынан болуы мүмкін. Ең бастысы – сіз де эмоцияға бой алдырмаңыз. Салқынқандылық танытып, сұрақты салмақтап, сыпайы жауап беруге тырысыңыз. Кейбір тым өрескел сұрақты елемей, «Бұл сұраққа кейінірек жауап берейін» немесе «Тағы сұрақтарыңыз бар ма?» деп, әңгімені басқа арнаға бұрып жіберіңіз. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 4 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: