09:08 Сөз-сөйлеу сырлары | |
ӘСЕРЛІ ӘҢГІМЕ ҚҰПИЯСЫ Қандай да бір ортада сөйлегенде өзіңіз ғана түсінетін, өз кәсібіңізге ғана қатысты термин сөздерден аулақ болыңыз. Кейбір адамдар, әсіресе экономистер, қазақша сөйлеп тұрған сияқты, бірақ олардың сөзін экономистер ғана түсінеді. Егер термин сөз қолдану қажеттігі туындаса, ол сөздің қазақша баламасын табуға тырысыңыз немесе анықтамасын айта кетіңіз. Аудиторияға түсінікті тілде сөйлеңіз. Кейбір адамдар өздері көрген нәрсені ғана айтып тұрады. Америкада осындай мейрамхана бар, Дубайдың әуежайы 140 мың шаршы метр деген сияқты, сіз оны тіпті елестете алмауыңыз мүмкін. Сөйлеуші адам тамақ туралы сөз қозғаса, аудитриядағы адам тамақтың дәмін сезетіндей болсын. Сөйлеуші адам табиғат туралы айтса, сол табиғатта бірге болғандай сезінсін. Өйткені техникалық ақауларға байланысты презентация барысында ноутбук бұзылып қалуы мүмкін, LED экран көрсетпей қалуы мүмкін. Сол кезде техника көрсете алмаған дүниені сіз сөзбен суреттеп бере алуыңыз керек. Дубайдың әуежайы 140 мың шаршы метр дегенде ешкім таңғалмауы мүмкін, бірақ, Дубайдың әуежайына бес мың стадион сыйғызуға болады десеңіз, әуежайдың ауқымын бірден түсінеді, себебі барлығы стадионды көрген. Міндеті түрде адамдарға түсініксіз болады-ау деген сөздердің баламасын айтыңыз. Стив Джобстың шеберлігі – ол MacBook-ты елге таныстырған кезде оның өлшемдерін атап, ұзын сонар әңгіме айтып тұрған жоқ: сахнаға шықты да, «Біз жаңадан ойлап тапқан MacBook, жаңа құрылғы конверттің де ішіне сыйып кетеді» деп көрсете салды. Болды. Сөйлеуге уақытын кетірген жоқ, көрсете білді. Бүкіл баспасөз, бұқаралық ақпарат құралдары мамандарының барлығы сол көріністі жарыса суретке түсіріп жатты. Ертесінде ол барлық журналдардың бетіне шықты. Әйгілі құрылғының жарнамасына небәрі 3-4 секунд кетті. Не деген шеберлік! «Мына қаламмен ұзақ жазуға болады дегеннен гөрі, бір қаламмен елу мың сөз жазуға болады» деп жеткізгеніңіз пайдалы. «Адамның ішінде бактериялар көп болады» дегеннен гөрі «Бір адамның ішінде екі келіге жуық бактерия болады» десеңіз, адамдар көзіне елестетіп, үрейленіп, тазалыққа мән бере бастайды. Сол себепті, образды ойлап, образды сөйлеп үйреніңіз. Қателіктерге көбірек көңіл бөліп жатқаны – іреуді сынап-мінеу емес, өзгенің қателігінен өзімізге сабақ алу. Сол қателік оның және сіздің бойыңызда болмасын деген ниетпен жазып отыр. Егер дәрісіңіз аяқталып, ұйымдастырушы ретінде барлық билік өз қолыңызда болса, отырған аудиторияны үш-үштен командаларға бөліңіз. Әр командадан бір өкіл тұрып, сол дәрістен ұққанын бір-бірін қайталамай атып шығады. Бұл әдіс – аудирояны белсенді етеді, әрі өтілген дәрісті тағы бір қайталап, есте сақтауға әсерін тигізеді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
