18:31 Сөз-сөйлеу сырлары | |
«ЖАҚСЫ ОРАТОРДЫҢ ТҰТАС ДЕНЕСІ СӨЙЛЕЙДІ» (Жестикуляция) Кез келген спикер сөйлеп болған соң аудитория тарапынан сұрақ туындауы мүмкін. Қарсы пікірлер де болуы ықтимал. Кейбір ораторлар осыған орай арнайы – «сұрақ-жауап» айдарына уақыт бөледі. Көптеген мықты ораторлар бұл айдарды соңына қалдырып жатады. Бірақ сіз енді ғана сахнаға шығып бастаған болсаңыз, бұл айдарды соңына қалдырмаған жөн... Ал қазір, халықпен қалай сұрақ-жауап жүргізуге болатынын айтып өтеік. Сұрақ қойғанда да «Кімде сұрақ бар?», «Кім не түсінді?» деп аудиторияның мысын басып, төтесінен сұрамай, «Осы кездесуден қандай ой түйдіңіздер? Туындаған сұрақтарыңыз болса, мен жауап беруге әзірмін» деп, ашық диалогқа дайын екеніңізді көрсетсеңіз, нәтиже жақсырақ болады. Ал тыңдаушылар тарапынан сүлдем сұрақ туындамай қалса не істейміз? Сондай сәттерде «Сұрақтарыңыз болмаса, мен кеттім» деп қоштасып, шығып кетуге асықпаңыз. Күлкіге айналып, бүкіл сөйлеген сөзіңізді желге ұшырып, жоққа шығарып аласыз. «Сіздер ойлана тұрыңыздар, ал әдетте, менен мынадай сұрақтарды жиі сұрап жатады» деп өзіңізге бұған дейін түскен сұрақтарды айтып алдын-ала дайындаған өтімді жауаптарыңызды айтыңыз. Ескере жүретін бірнеше жағдаят бар:
Көп жағдайда бұл айдар өте көңілді, сәтті өтеді. Дегенмен кейде барлығы біздің ойымыздағыдай бола бермейтінін ескере жүріңіз. Халықтың көңілінде кірбің қалмайтындай жағдай жасап, сұрақтарға барынша қысқа, нұсқа, түсінікті жауап беруге тырысыңыз. Еш уақытта провокацияға беріліп, халықтың есінде негатив әсер қалдырмаңыз. Сұрақ қоюшылардың арасында да ұрыс тууына жол бермеңіз. Әркімнің өз пікірі барын ескертіп, келісу-келіспеу барлығының тең құқығы екенін естеріне салып отырыңыз. (жалғасы бар) Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
