16:54 Сөз-сөйлеу сырлары | |
«ЖАҚСЫ ОРАТОРДЫҢ ТҰТАС ДЕНЕСІ СӨЙЛЕЙДІ» (Жестикуляция) Екі қолды кезек-кезек қимылдатып, бұдан басқа жестикуляция білмеймін дейтін адамдар болады. Сахнада бір ғана жестикуляциямен сөйлейтін адамдар үшін арнайы жаттығулар бар: «глобус», «ұзын қауын», «фотоға түсу». «Глобус» жестінде сіз қолыңызға домалақ шар немесе глобус ұстап тұрғандай елестетіп, екі қолыңызды әртүрлі радиуста қозғалтасыз. «Ұзын қауын» жесті – глобусқа ұқсас, бірақ қауын ұстап тұрғандай елестетесіз. Бұл жерде екі қолыңызды радиус бойынша емес, қауынды екі доғал бұрышынан ұстап аласыз да, ары-бері қозғалта бересіз. «Фотоға түсу» - аты айтып тұрғандай-ақ, қандай да бір жестті жасап сол позицияда екі-үш минут тұруыңыз қажет. Және бірнеше жест жасаңыз. Бұл әдісті театр саласында жүрген мамандар көбірек істейді. Бір әңгімені айтып, соны қимылмен суреттеп көрсетіңіз. Таудың биіктігі, адамның көптігі, кітаптың қалыңдығы әңгімеңізде кездесетін болса, барлық сөзді қимылмен сипаттаңыз. Сол сияқты басқа да заттарды мейлінше ашып көрсетуге тырысыңыз. Есіңізден шығармай ұстайтын, халық алдында мүлдем жасауға болмайтын бірнеше жестикуляция бар:
Дегенмен, жестикуляция жасалатын белгіленген зона барын да ескерте кетейік – тамақтан бастап кіндікке дейінгі тұста: одан жоғары асырып немесе төмен түсірмеген абзал. Екі қолыңыз бір деңгейде бірге немесе кезекпен қимылдасын. Ардақты Пайғамбарымыздың замандастары: «Пайғамбарымыз өзге адамдармен сөйлескен кезде бүкіл денесімен, тұла бойымен сөйлейтін», - деп айтатын көрінеді. Шынымен-ақ, адамдарға дінді жеткізу үшін Пайғамбарымыз бар болмысымен сөйлеген болса, сіз де өз ойыңызды халыққа жеткізу үшін барыңызды салыңыз. Жестикуляция дауыстың да құбылуына әсер етеді. Бұған дәлел: тиынды жерге тастап жібергенде сыңғырлап даусы шығады, ал қимылы тоқтаған кезде даусы да тоқтайды. Сол сияқты адам да қимылдау кезінде, даусы да құбылып, әсерлі шығады. Бір орында қимылдамай тұрсаңыз, даусыңыз да бірқалыпты монотонды естіледі. Сөйлеуші оратордың іс-қимылы неге мұнша маңызды десеңіз, дәрігерлердің мына дәйегіне мән беріңіз. Көздің нерв жүйесі құлаққа қарағанда 80% қалың екен. Естіген ақпараттан гөрі көрген ақпарат есте қалады. Сізге екі парақ ұсынса: біреуінде табиғатың суреті, екіншісі бір бет жазылған әңгіме. 15 секундтан соң кері алып қойса, сіз жазылған әңгімені түгелдей айтып бере алмауыңыз мүмкін, көрген суретті бір ауыз сөзбен айтып бере аласыз. Сондықтан сөйлегенде халық көретін нәрселерге де мән беріңіз. Оратор ортаға шыққанда, халық не көреді:
Бұл тізім шексіз жалғаса беруі мүмкін, байқасаңыз, еститін нәрседен гөрі көретін дүние көп. Халыққа көрінетін дүниелерге баса назар аударыңыз. (жалғасы бар) Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
