09:03
Сөз-сөйлеу сырлары

«ЫСЫЛҒАННЫҢ ПАЙДАСЫН ҚЫСЫЛҒАНДА КӨРЕСІҢ»

(Импровизация)

Жыл сайын үздік киноға, үздік әртістерге Оскар сыйлығын табыстайтын мерекелік кешті ерекше динамикамен, халықтың ішін пыстырмай, әр жылы әртүрлі форматта жүргізе білетін америкалық Эллен Дедженерстен көп дүние үйренуге болады. Оның көпшілік алдында өзін өзі ұстауын, әзілдерін, бағдарлама жүргізудегі қолданған әдіс-тәсілдерін ютуб арналары жарыса жариялап жү.

Сіздің әрбір қимылыңызға, жүріс-тұрысыңызға, даусыңызға сын көзбен қарайтын әлемдік деңгейдегі әртістердің алдында жыл сайын мерекелік кеш жүргізу кім-кімге де оңай шаруа емес екені анық... Ол кісінің ең басты құпиясы – ешқашан халықпен байланысты үзбейді. Әртістердің аты-жөні жазылған конверттерді оқумен ғана тоқталмайды. Жрғарыда атап өткендей, ешқашан монолог оқымайды. 2011 жылы Оскар сыйлығын табыстау сәтінде ол үлкен сахнадан түсіп барып көрермендер арасында отырған кино майталмандарымен селфи жасайды. Ол селфи твиттерде 2,5 миллион ретвит жинап, тіпті сол уақыттағы АҚШ президенті Барак обаманың өзі ретвит жасаған. Халықпен кез келген уақытта ашық сұхбат жасайды, көпшіліктің ортасына кіріп, жекелей адамадрмен пікір алмасады. 2011 жылы Оскар сыйлығын табыстау кешінде ол тек селфи жасаумен шектелмеді. Барлық актерлардан «кімнің қарны ашып отыр, кім қазір пицца жегісі келеді» деген сауалнама жүргізіп, дәл осы сахнаның төрінде пицца даярлайтын дәмхананың нөмірін теріп, телефон соғып, тапсырыс жасайды. Ал бұны халық тікелей эфирден көріп отырды. Біраз уақыттан соң кеш болып жатқан сарайға пицца әкелген жігіт керемет ақшаға кенеледі.

Журналистер бұл кісінің есімін, кім екенін білуге, қандай пиццериядан келгенін білгісі келіп, оны арнайы сұхбаттарға шақыра бастайды.

Жалпы айтқымыз келген мәселе: Эллен ешқашан аудиторияның өз бетімен оңаша қалуына мүмкіндік бермейді. Үнемі олармен сұхбаттасу арқылы, үнемі ойын ойнау арқылы халықтың қалғып кетуіне, телефон шұқылауына мүмкіндік беріп тұрған жоқ. Басты назар аударатын мәселе Эллен қандай мерекелік кешті жүргізсе де, қағазға, дайын сценарийге қарап сөйлеген емес. Оның артықшылығы да осы болса керек, яғни айтар мәтінге мұқият дайындалып, ашық импровизация жасайды.

Импровизация – сахна өнеріндегі ең мықты техникалардың бірі. Ол шығармашылықты және көрерменмен ашық сұхбат жасауды талап етеді. Импровизация арқылы кейде сахнада орын алатын келеңсіздіктерді байқатпауға болады. Бірақ ол – ауқымды ойлау дағдысы, кез келген ситуациядан ұтымды шығып кету қабілеті, үздіксіз еңбектің жемісі.

Импровизация сізге кез келген ортаға тез сіңісіп кетуіңізге мүмкіндік береді. Әрі өзіңіздің байыпты қалпыңызды сақтау мен сенімділігіңізді арттырады. Үнемі белгіленген программамен жүретін робот емеспіз ғой. Жағдайға қарай жоспардан тыс әрекеттер жасап, елдің назарын ұстап отырыңыз.

Сондай-ақ суырып салып сөз табу сіздің сахнадағы өнеріңізді жандандыра түседі. Бастысы барлық әрекетіңіз шынайы әрі халық алдында ашық түрде болса, бұл аудиторияда естен кетпес позитивті, қызықты сәттер тудырады.

Импровизация – сіздің өмірде де қиын жағдайдан оңай шығып кету қабілетіңізді арттырады. Өнер – күтпеген жағдайлардан тұратын әлем. Далада жаңбыр жауып, мерекелік іс-шара өтетін орын ауысып кетуі мүмкін, проектор бұзылып, LED экран істен шығып қалуы мүмкін, тіпті жарық сөніп қараңғы сахнада өнер көрсетуге тура келетін жағдайлар болуы мүмкін. Осындай кезде жоспардан тыс импровизация жасауға тура келеді, әрі бұл халық назарын келеңсіз жағдайға аудармай, сахнада ұстап тұруға көмектеседі.

Халықтың алдына шығып, қателік жіберген адамның барлық қателігін кешіріп жіберетіндей бір құпия бар – мейлі сіздің даусыңыз жағымсыз болсын, мейлі сіздің жүріс-тұрысыңыз дұрыс емес болсын, мейлі сіз қолыңызды дұрыс қимылдатпаңыз, кемшіліксіз адам болмайды, осының барлығын тыңдаушы аудитория қабылдай алатындай бір қасиет – шынайылық. Жасандылықты немесе әдейі жасалған дүниені аудитория бірден байқайды. Ешқашан жасанды іс-әрекетке бармаңыз. Мектеп қабырғасында, білесіз, көріп куә болып та жүрген шығарсыз, бір баланы жарысқа дайындап жатқанда, өлең оқығанда қолын сермеп сөйлеуді үйретіп жатады. Бұл – жасандылық.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 9 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: