22:32
Сөз-сөйлеу сырлары

ПАУЗА ТӘСІЛІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ

Кейде адамдар халықтың алдына шығып сөйлейді. Барлық тақырыпты қамтып тұрған сияқты, нәтижесінде ештеңе айтпаған адам боп көрінеді. Неге? Әдетте, ол кісілер былай сөйлейді: «Осыдан бірнеше жылдар бұрын бір кісімен танысқнмын, ол кісі – ұмытпасам, бір үлкен кәсіппен айналысады. Жылына жүздеген тонна астық өнім алатын», «Елімізде миллиондаған жастар жұмыссыз жүр» немесе «Дәл осы тауарды мыңдаған адам тұтынады» деп сөйлеуі мүмкін. Есіңізде болсын, халықтың алдына, кең аудиторияға, маңызды жиындар мен сұхбаттарға шыққан кезде «миллиондаған, жүздеген, мыңдаған» деген сөздерді барынша қолданбауға тырысыңыз, нақты цифр, нақты датаны айтыңыз. Ерінбей ізденіңіз, ақпараттар ақтарыңыз, бұл сіз айтқан ақпаратты қызықты әрі сенімді қылады. Ел алдына шыққан кезде сенімді де беделді ақпарат көзін айтуға тырысыңыз. Сары басылымдар мен вагон ішінде оқылатын газет-журналдардың өсек-аяңын үлкен жиында айту өзіңіздің де, сөзіңіздің де қадірін кетіреді.

Халықтың алдында кез келген керемет оратор 5 минуттық мәтін дайындайды да, оны 10 минутқа дейін созып жеткізе алады. Ал нашар оратор 10 минуттық мәтіні болса да, оны 3-4 минутта айтып тауысып қояды. Бұл дегеніміз – бір сөзді мыжып, ұзағынан әңгімелеп тұру емес. Ел алдына шығып сөйлеп жүрген мықты ораторлардың тағы бір тәсілі – пауза деп аталады. Паузаны әлемдік саясатта жүрген басшылар көп қолданады. Сізге сөз кезегін беріп, сахнаға шақырған кезде апыл-ғұпыл сөзіңізді бастамаңыз. Сөйлеуші адамның сахнаға шығып сәл кідіруі – жұртты өзіне қаратады әрі көпшілікке де тосын нәрсе болады. Халықтың алдына шыққан соң, сіз монолог оқушы емессіз, сіз – ораторсыз, монологтың орнына диалог орната біліңіз. Залда бір кісіге сұрақ қойыңыз, сіз жалпы көпшілікке сұрақ қойғандай боласыз. Ал залдағы бір кісіге ұрсып сөйлесеңіз, көпшіліктің көңіл-күйіне сол дауыс көтеруіңіз әсер етеді, яғни түгелдей бір аудиторияға зеку, ұрсу болып саналады. Ал көпшіліктің ішінен нақты бір адамды ғана қуанту бүкіл тыңдарманды қуантқанмен тең.

Кеңес Одағындағы әйгілі саясаткер, оратор Лев Троцкийдің ораторлық шеберлігі бір эпизодта керемет бейнеленген. Назар аударатын алғашқы нәрсе – Троцкийдің киімі, ол аудиторияның киіну үлгісіне қарағанда ерекше, көпшіліктің мысын басып тұрады. Екінші, Троцкий әңгімесін бірден бастамайды, яғни, біз талдап жатқан пауза тактикасын қолданады. Қанды майданда жеңіліс тапқан өзінің әскерін жігерлендіру үшін, ораторлық шеберлігін тиімді пайдалана білді.

«Троцкий көпшіліктің алдына шықты. Аудиторияның назары өзіне толықтай ауғанға дейін күтіп тұрды. Ортаңғы темппен, еңсесі тік, сол уақыттағы заман талабына сай мінберге көтерілді. .нсіздік. көпшілік енді не болар екен деген үреймен күтіп тұр. Троцкий:

- Солдаты! Бойцы Красной армии! – деп бар даусымен жігерлендіре айқайлады.

Әдетте, жеңіліс тапқан әскерді «батырлар» деп ешкім атай бермейді. Троцкий оларды рухтандыру мақсатында, өзінің идеологиясына пайдалану мақсатында, алдағы соғысқа аттандыру үшін Батыр екенін, жауынгер екенін батырға айтты. Бұл сөздер қанды майданда жігері жасып қалған әскерді рухтандыра түсті.

- Не прошло и года с тех пор как мы с вами взявшись за руки сбросили деспотизма классового равенства и эксплуатации человека человеком. Но есть еще те, кто упорно хочет снова сделать из нас рабов. Они там! По ту сторону фронта помещики, фабриканты – Белая армия! Им очень не нравится свобода, которая большевики подарили рабочим и крестьянам, вам, всем тем кто еще вчера работал по 3 смены за 3 копейки. А сегодня с оружием в руках говорит им: «Нет! Мы не отдадим вам нашу свободу! Нет!» - деп қолымен Қызыл әскер жақты нұқсап көрсетті де, сөзін жалғастырды:

- Мы не превратимся снова в ваших рабов. Я знаю, каждый из вас готов служить делу революций, готов сложить свою голову ради нее.

Бір адамды тыңдау қызық болғанымен, бір адамға ұзақ уақыт бойы қарап тұру көпшілікті жалықтыра бастайды. Оратор ендігі айтылатын әңгімеге халықты одан бетер ұйыту үшін нақты іс-әрекеттерге көшіп, аудиторияның өзімен тікелей жұмыс істеуге кіріседі.

Ортадан бір жауынгерге бұрылып:

- Дай руку, брат. Давай, смелее, - деп, қолынан тартып мінберге шығарды да, сөзін әрі қарай жалғады:

- Вот, между мной и им нет никакой разницы. Нет ничего что могло бы принадлежать мне и не могло бы принадлежать ему. Ничего! – деп қолындағы сағатын шешіп, жауынгерге тақты:

- Мир, которйы мы с вами строим, в этом мире все добро. Все будет общим. Ура! Ура!»

Сөйлеуші тыңдаушы аудиторияны қалай бағындырып тұрғанына мән беріңіз. (жалғасы бар)   

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: