20:43 Сөз-сөйлеу сырлары | |
«ГОВОРИТ МОСКВА!» (дауыс ырғағы) Бұйрықты таңертең естіген, ал кешкісін микрофонға отырған Левитан төрт жарым сағат бойы докладты бірде-бір қатесіз оқып шығады. Осыдан соң, Левитан Сталиннің барлық баяндамасын оқитын жеке дикторы болды. 19 жасар тек екілікпен оқыған оқушы енді бүкіл елдің даусына айналды. Оған енді еш уақытта қателесуге болмайды. Сіз де, құрметті оқырман, сөйлейтін сөзіңізді дайындаған кезде дауыс ырғағына мән беріңіз. Сөздің беретін мағынасына дауыс тоныңыз сай келсін. Ол үшін дайындық барысында өзіңізге ыңғайлы белгілер тауып алыңыз. Левитан қызыл және көк қарындашты пайдаланса, қазір түрлі-түсті қалам көп қой, өзіңізге ұнайтын түстерді таңдап алыңыз. Мәтінді бірнеше рет оқып көріп, өз ыңғайыңызға қарай редакциялап алыңыз. Ең бастысы: дауыс ырғағына көбірек ден қойыңыз. Бәлкім, даусыңыз жұлдызды сәтіңізге себеп болар. Дауыс бұдан да басқа қаншама тарихи оқиғаны шешекен. Егер қолбасшы, бас батыр өзінің әскерінің алдына шығып сақауланып немесе күрмеліп, кекештеніп сөйлесе, батырға жат дауыспен қолды соғысқа алып шыға ала ма? өлімге кететін сәт. Тек адамның рухын көтеретін, батырлығын оятатын, сабырға шақыратын дауыс тоны арқылы ғана елді өзіне ерте алады. Адамның дауыс ырғағы үнемі өзгеріп отырады. Осы адамның даусы өзгеріске ұшыратыны-ақ оның даусының қалыпқа келуі, даусын тәрбиелеу, үйрету, даусымен жұмыс жасауға болатынын аңғартады. Сіз баланы еркелетіп ойнағанда, өбектейсіз. «Айналып кетейін» деген сөзіңіз өте жұмсақ тонмен, әуезді ырғақпен шығады. Сіз әкеңізден ақыл тыңдағанда және тыңдап болған соң қайыра жауап қатқанда даусыңыз мүлдем басқаша болады. «Иә, әке. Сөзіңіз орынды». Айтып көріңізші, даусыңыз сабырлы қалыпта, ырғағы жоғары болады. Бір жерде сабырлы отырғанда, қаралы хабарды жеткізгенде, қуанышты хабарды айтқанда немесе сүйінші сұрағанда адам даусы өзінің диапазонына қарай өзгеріп отырады. Міне, осындай айырмашылықты адам табиғи меңгергендіктен, оның даусын қалыпты жағдайда да үйретуге болады. Бір оңтайлы, ең әдемі тұсын таңдап алып, кеуде қуысынан шығаруға толық мүмкіндік бар. ол адам мың парақтап кітап оқитын, үздіксіз сөз сөйлейтін диктор, маман болып кетпес. Бірақ ортаға жағымды, таза сөйлеп, әрбір сөзді анық айтып үйренуіне толықтай мүмкіндік бар. Барлық адам қателеседі. Ауызекі сөйлеу барысында шатасып қалу – қалыпты жағдай. Жиі шатасып қалмас үшін теле-радио тілшілерінің даусына, сөйлеген сөзіне құлақ түре жүріңіз. Біреудің қателігін байқай жүрсеңіз, өзіңіз де соны қайталаудан сақ боласыз. Тіпті әлемге әйгілі Юрий Борисович Левитанның өзі шатасқан екен. Бір сөзінде: «магнолия» сөзінің орнына «чудесный цветок Монголия» деп халықты ду күлдірген. Және ол кісі қателескен жағдайда, кешірім сұрап жатпайды екен, «Қайталаймын...» деп сөздің дұрыс нұсқасын айтып, әңгімесін жалғай берген. Мұндай шатасулар оның халық алдында абыройсыз болып қалғанын көрсетпейді, керісінше, оның да сіз бен біз сияқты адам екенінің көрінісі.
Тапсырма
баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
