23:17
Сөз-сөйлеу сырлары

ДАУЫС пен ДИКЦИЯНЫ ҚОЙЫП АЛАЙЫҚ

Курс барысында дауысты, дикцияны түзетуге немесе балалардың, үлкен кіілердің дыбыстарды анық айта алмауына байланысты халықтың тарапынан сұрақ көп болғандықтан, олар белгілі диктор, 15 жылдық тәжірибесі бар, ТМД елдерінде үздік БЕС диктордың қатарына кіретін, «Алтын дауыс» иегері атақты Мәскеуге барып жеңіп алған Мұхаммед-әлі Болатұлын курстарына шақырды.

Күнделікті өмірде дауыстың маңызын түсінбейміз. Келіссөз жүргізсеңіз де, айналаңыздағы достарыңызбен сөйлессеңіз де ішкі күйіңізді сипаттауға дауыс әсер етеді. Дауыс – ең басты құжат. Сізді керемет дауысыңыз арқылы танып жатса, мұның өзі жақсы әсер қалдырады ғой.

Адамның кескін-келбеті бөлек әсер қалдырса, даусы да бөлек әсер қалдырады. Екі адамның бір-бірімен қол алысып, амандасып, дидарласқаннан кейінгі назар аударатын дүние – оның даусы.

Штефан Ланге деген неміс журналисі Германияда таңғы бағдарламалар жүргізетін болған. Радиода. Дүкендерге барғанда «Мына заттың бағас қанша?» деп сұраса, бірден барлығы елең етіп бұрылып, бұрылған заматта тани кетеді. Ең керемет баға да сол емес пе? Яғни, сенің түріңмен, есіміңмен тану емес, басты құжат – даусыңмен тану. Адамнан шығатын сөз дауыспен сүйемелденеді.

Оған курс барысында «Дауысты әдемі етіп, бір қалыпқа келтіруге бола ма?», «Дикцияны түзеуге бола ма?» деген секілді сұрақтар жиі қойылады.

Дәстүрлі әнші немесе өнерпаз ән айтып бастамай тұрып, домбырасының құлақ күйін келтіріп алады. Дәл солай, адам өзін аспап деп елестетсе, өзінің даусын баптап алуына болады. Бала туылмай тұрып, құрсақта жатқан сәтінде анасының даусын естиді. Туылған соң да, анасының даусын тани алады. Анасы да бір топ баланың ішінде өз баласы шыретіп жыласа, жазбай таниды. Бұл дегеніміз дауыс – адамның еш уақытта алдамайтын, құлағы қалт жібермейтін ең керемет құжаты. ХХ ғасырдың бірінші жартысында Италияда азаматтардың төлқұжатына аты-жөнімен бірге дауыс тонын (бас, баритон, тенор, дискант, сопрано т.б.) да жазатын болған.

Бірде оған «топ алдында дауыс туралы сөз сөйлесеңіз» деген қолқа түсті. Ол тың ақпарат болсын, шын мәнінде дауыс жайлы ешкім айтпаған, дәрісіне қоспаған дұ\үние ұсынайын деп, жануарлардың даусы туралы ізденді. Соның ішінде қарға мен тотықұс ерекше назарына ілікті. Тотықұс та сөйлеуді меңгере алатынын бәріміз білеміз. Адамды айнытпай салатын, естіген сөзін даусымен айна-қатесіз қайталайтын тотықұс сөйлеуді, дауысты меңгергенде адам қалайша меңгермейді? Оның сөйлеу аппараты толық ой. Ал тотықұс қалай сөйлейді, неге сөйлейді, адам даусын қалай айна-қатесіз салады? Бір оқиға оған түрткі болды. Америка Құрама Штаттарында бір әйел кісі тотықұс сатып алады. Ол тотықұс бір қайғылы оқиғаны үнемі қайталай берген. Әйел мынаны бір құқық қорғау органының қызметкерлеріне апарайын деп шешеді. Апарса, тотықұс бір қылмысты айтып отыр. Және екі дауыста – бір әйел, бір ер адамның даусында айнытпай оқиғаны баяндап отыр дейді. Бәрі таңғалады. Полиция қызметкерлері әйелдің тотықұсты қайдан сатып алғанын анықтап, ізіне түсіп, тергейді. Тергеу барысында тотықұс асырап отырған отбасында айғай-шу болып, әйелі күйеуін жазым еткен екен. Тотықұс ұрыс-керіс кезіндегі әйелдің дауысын да, ер адамның «Құтқарыңдар!» деп айғайлаған даусын да өзгертпей салып отырған. Сөйтіп, қылмыс ашылған.

Бізде «дауысты қоюға бола ма, даусым жіңішке, кеудемнен ауаны дұрыс шығара алмаймын, шын мәнінде меңгере аламын ба?» деген заңды сұрақ туындайды. Кеуде дыбысы дегенді білмейтін, дауыс қою дегенді ұқпайтын ақылы жоқ мақұлық – меңгеріп тұрғанда, дауыс аппараты түгел, адам меңгермеуі мүмкін емес дер еді. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 19 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: