22:11
Сөз-сөйлеу сырлары

ТЫҢДАУШЫҒА ӘСЕР ЕТЕТІН 1 МИНУТ

Тыңдаушыларыңыз әрі қарай сізбен қарым-қатынас құрып, бірге жұмыс істеуге ниетті болсын десеңіз, сіз ТӨРТ сұраққа жауап беруіңіз керек:

1-сұрақ: Аты-жөніңіз кім? Немен айналысасыз?

(Үлгі ретіндегі жауап)

- Мен – Жандарбек бұлғақов. Айтыскер ақынмын. Еуразия университетінің түлегімін, шешендік өнерді үйрету курсының авторымын (немен айналысатыныңызды кездесу мақсатына қарай таңдап айтасыз).

2-сұрақ. Қандай аудиториямен жұмыс істейсіз? Аудиторияңызға қандай пайда бере аласыз? (Сіздің мақсатты аудиторияңыз қандай екендігін анықтауыңыз қажет).

- Айтыссүйер қауымды өнеріммен сусындатамын.

- Халық алдында еркін сөйлеуге ұмтылып жүрген жандарға шешендік өнердің қыр-сырын үйретемін.

3-сұрақ: Жұмыс тәжірибеңіз бар ма? Нақты цифрлармен көрсетіңіз...

- Бала кезімнен халық алдына шығып, өнер көрсетіп келемін. Республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпазымын.

- «Сөз қадірі – өз қадірің» курсының авторымын, 2000-нан астам жанға ораторлық өнерді игеруге, көпшілік алдында көркем әрі батыл сөйлеуге көмек көрсеттім.

Қандай қызмет істейтініңіз ғана емес, қандай проблемаларды шешкеніңізді айта біліңіз.

4-сұрақ: Әрекетке шақырыңыз.

- Парақшама жазылыңыз, сабағыма келіңіз, серіктес болуды ұсынамын, жұмыс ұсынғыңыз келсе, менің телефон нөмірім т.с.с. аудиториядан нақты қандай әрекет күтетініңізді айтыңыз.

Мұндай «өзін-өзі таныстыру» сөздері 30 секундтан бастап, бірнеше минутқа жалғасуы мүмкін. Өзіңізге берілген уақыт регламентін ескеріп, екінші және үшінші сұрақтарға жауапты көбірек немесе азырақ берсеңіз болады.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 58 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: