20:28
Құрмет
Құрмет ЕРЕН ЕҢБЕККЕРЛЕР ЕЛЕНДІ Жақында ғана Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің мәжіліс залында «Бесқарағай-Әлкей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен һәм Қызылағаш ауылдық кеңесі әкімшілігінің мұрындық болуымен ауыл шаруашылық күні аталып өтті. Кезінде де, қазір де Бесқарағай ауылының даңқын еңбекпен шығаруға қажымас қайрат таныта білген қадірлі тұлғалар дәмді дастарқан басынан жиналып, жылы жүзді әңгіме құрап, бір жадырап қалды. Ауылдың көркейіп өсуі жолында, еңбегімен өрлеу шағында осынау ерен еңбек иелері аянып қалмады. Бойдағы да, ойдағы да барын салды. Сонысымен ел жадында мәңгіге қалды. Осы күндері еңбегімен танылып жүрген Әлдекенов Серікпай, Құмаров Ерсайын, Молдажанов Жеңіс, Гончаров Наталья Петровна және басқа да тұлғалар ауыл әкімі Мұқанов Ж.Н. қолынан Алғыс хаттармен салтанатты түрде марапатталды. Құттықтаулар легінде шек болмады. Өткен күндер де қимастықпен еске алынды. Сол сәттердің рухани қуаты болған әндер де шырқалды. Кезінде атақты шопан болған Күнбаев Қайыргелді ағамыз қасиетті домбыраның сүйемелдеуімен тамаша әндер шырқаса, Ибраһим Б.К. мәні бар ескі әндерді орындап, жиналғандар көңілін жадыратты. Асылында, құрметті ағалар менен ардақты апайлар ризашылықпен бас қосып, шын серпіліп қалды. ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
Просмотров: 1002 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: