21:50 Риясыз рух | |
ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 3. Адамның өзімен болған қарым-қатынасы Әрбір істі соңына дейін және сапалы һәм кемел түрде орындауды әдетке айналдыру Желкенді қайық сыртқы әсердің, яғни желдің көмегімен қозғалса, жанармаймен жүретін кеме өзіндегі қуатпен жылжиды. Адам желкенді қайыққа ұқсаса, жел соқпаған күні жолда қалады. Сондықтан адамды алға, биіктерге итермелейтін күш әуелі адамның өзінде болуы тиіс. Ал сыртқы әсер оған көмекші рөлін атқарады. Міне, бұл – әр ісіне жауапкершілік танатып, оны кемел дәрежеде орындай білетін «мухсин» һәм «проактив» адамның қасиеттері. Алла елшісі (с.а.с.) бір хадисінде адамды өз ісінің шебері болуға ынталандырып: «Алла тағала өз ісінің майталманы болған (профессионал) адамды жақсы көреді», - дейді. Басқа бір хадисінде қандай жағдай болмасын, тіпті қиямет орнаған күннің өзінде бастаған істі аяғына дейін жеткізуді немесе алға қойған мақсаттан танбау керектігін өсиет етіп: «Қиямет орнаса да көшет отырғызуды қалаған адам сол ісін аяғына дейін жеткізсін!» деген болатын. Қортыа келе айтарымыз, қарым-қатынас түрлері мен адамға тән қасиеттер Ислам діні мен психология саласында адамдағы рухани кемелдік пен жан саулығының көрінісі ретінде бағалануда. Адамның ақиқаты – оның руханияты. Кемелдігінің сыры да сол жерде жасырынған. Ислам дінінде адамды рухани жетілдіру, интеллектуалды, әлеуметтік, физикалық және материалдық қырын жан-жақты дамыту – кемел адам қалыптастырып, сол арқылы кемел қоғам құрудың ең басты шарты. Кемел тұлға қалыптастыру жолында нәпсі тәрбиесі мен адамның жан-жақты жетілуі қаншалықты маңызды болса, «кемел қоғам» құру жолында кемел тұлға қалыптастыру мәселесі соншалықты маңызға ие. Кемел адам – кемел қоғамның да кепілі. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
