09:16
Риясыз рух

ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

3. Адамның өзімен болған қарым-қатынасы

Кемшілік пен артықшылықты білу

Адам өмірде жетістікке жету үшін бойдағы кемшіліктермен қоса артықшылықтарды да білуі міндет. Көп дамнан «қандай кемшілігің бар?» деп сұрасаң айтып береді. Мен ашуланшақпын, сабырсызбын, тым асығыстық танытып қоям т.б. дегендей. Ал «қандай артықшылықтарың бар?"»десең, үндемейді. Яғни бұдан шығатын тұжырым: көп адам өзінің кемшіліктерін білгенімен, өзіндегі артықшылықтарды білмейді. Білсе де мән бермейді. Одан әрі дамытпайды. Шыңдамайды. Ал мұның нәтижесі – адам өзінікі болмаған іспен айналысып жүре береді.

Мына мәселені ұмытпаған жөн: адамның жетістігі – бойындағы артықшылықтары арқылы жүзеге асады. Адам – бойдағы кемшіліктермен жұмыс жасап, артықшылықтарды назардан тыс қалдырса, толық нәтиже көре алмайды. Қашан екеуін қатар алады, сол уақытта оның өмірде жетістікке жетуі нәтижелі әрі жемісті бола бастайды.

Бойдағы кемшілікпен жұмыс жасап, артықшылықтарды ескермеудің мысалы – гүлдің тікеніне мән беріп, гүлдің өзін елемеу секілді дүние. Ислам көзқарасында ең абзал адам – өзгелерге пайдалы болғаны. Ал адам басқаларға өз бойындағы кемшілікті жойып, артықшылықты дамыту арқылы ғана пайда тигізе алады. Ал кемшілікті жойып, артықшылықтарды дамытпаған адам тек өзіне ғана пайда әкеледі. Ендеше, әрбір адам осы мәселені ескеруі тиіс.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 7 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: