17:47
Риясыз рух

ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

3. Адамның өзімен болған қарым-қатынасы

Өзіне қатысы жоқ, пайдасыз істі тәрк ету

Өзіне шын жаны ашитын адам – өзіне қатысы жоқ және пайдасыз істерді тәрк етеді. Тәрк етпесе, бұл оның өзіне жаны ашымайтындығының белгісі. Пайдасыз әрі өзіне қатысы жоқ іспен шұғылданып жүрген адам білуі тиіс; ол бұл әрекетімен энергиясын және алтын уақытын босқа құртуда. Бос уақыты көп және пайдасыз іспен айналысатын адам жамандыққа үйір келеді. ал пайдалы іспен шұғылданып, әрдайым харекет қылушы адам жамандыққа уақыт таппайды. Ондай адамның тіпті жаман ойға берілуге де мұршасы жоқ. Тек жақсы ойға беріліп тәфәккур жасау үшін сәл кідіріс жасап отырса болғаны. Қожа Ахмет Яссауи бабамыз: «Кітабына үңілген бала, егінін егумен айналысқан егінші, қолы істегі тігінші, ас үйдегі тамақ пісіруші әйел жамандық жасауға уақыт таппайды» десе, данышпан Абай: «Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі – жұмысының жоқтығы» дейді.

Ғалымдар адамға қатысы жоқ және пайдасыз істердің өлшемі ретінде мына қағиданы ұсынады. Қандай да бір іске кірісер алдын ол істің «дүниелік немесе қыреттік» пайдасы барын саралу қажет. Егер не дүниеге, не ақыретке пайдасы жоқ және тәрк етілуге лайықты. Алла елшісі де хадисінде: «Адамның мұсылмандығының ең көркем көрінісі, өзіне қатысы жоқ істі тәрк етуінде» деген.

Өзіне қатысы жоқ әрі пайдасыз істі тәрк ету – кемелдік шыңын бағындырғысы келген адамның сипаты. Ондай адам өмірде өзі үшін не қажет екенін жақсы біледі. Сондықтан өмірін бос нәрсеге арнамайды және бос нрәсемен шұғылданбайды. Өзіне өмірлік ұлы мақсаттар қойып, сол мақсатқа жету жолында өмір бойы тынымсыз еңбек етеді. Өзінің рухани әлемін, интеллектуалды және психологиялық қырларын бақылауда ұстап, әлеуметтік қарым-қатынастары мен материалдық жағдайын жақсартуға тырысады. Мұндай адамдардан құралған қоғамда бейбітшілік пен ынтымақ, береке мен бірлік орнайды.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 10 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: