21:34
Риясыз рух

ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

3. Адамның өзімен болған қарым-қатынасы

Темірдей тәртіп және әдет қалыптастыру

Жан-жақты даму үшін іс-әрекеттерінде адамға темірдей тәртіп қажет. Жетістікке жеткен адамдардан жетістікке қалай жеткендігі жайында сұралған кезде, басым көпшілігі – темірдей тәртіптің арқасында деп жауап берген. Темірдей тәртіп болмаса, адам өмірінде жүйесіздік орын алады. Жүйесіздік – бос уақыт пен уақытты за кетірудің басты себебі. Бос уақыт – жаман ойдың, жалқаулықтың, күнәнің, азғындықтың алаңы. Мұның бәрі адам өмірінің сапасын кетіретін кеселдер. Абай осыған қатысты:

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын, - дейді.

Сондай-ақ жетістікке жету үшін адам өз бойына жақсы әрі пайдалы әдеттерді қалыптастыруы тиіс. Мәселен, күнде таңертең сағат 5:00-де тұру, 1 стақан жылы су ішу, 20 минут жаттығу жасау, 40 минут кітап оқу, сәске уақытында 2 рақағат «Духа» намазын қылу, түсте 30-40 минут мызғып алу, сағат 23:00-де ұйқыға жату секілді т.б. әдеттер. Мінез тұрғысынан: біреу жайында жаман ойға берілмеу, ғайбат, өсек, өтірік айтпау, күлімдеп жүру, сабырлы болу, ашуға берілмеу секілді т.б. әдеттер. Мына мәселені ұмытпаған жөн. Әдет – бірте-бірте адамның мінезіне, мінез – өміріне айналады. Сондықтан тек жақсы әдеттерді қалыптастырып, жаман әдеттен барынша сақ болу қажет.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 14 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: