09:24 Риясыз рух | |
ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 3. Адамның өзімен болған қарым-қатынасы 1. Өмірге келудегі мақсатты білу Адам босқа жаратылған жоқ және оның өмірге келуі тегін емес. Жаратылуында белгілі бір мақсат пен иләһи хикмет бар. Құранда: «(Уа, адамдар!) Сонда Біз сендерді ермек үшін құр босқа жараттық әрі Бізге қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма?» («мүминун» сүресі, 115-аят), - делінген. Өмірге келудегі мақсаттың астарында адамның: Хақтан келгендігін білуі. Хақтың разылығы үшін өмір сүруі. Әрбір іс-әрекетін Хақ разылығы үшін орындауы. Хаққа қайтатындығына кәміл сенуі жатыр. Құранда бұл: «Шүбәсіз, бәріміз бір Аллаға тиесіліміз (Алладан келдік) және түібнде Оған қайтамыз» («Бақара» сүресі, 156-аят), - деп білдірілсе, келесі бір аятта: «Менің намазым да, өзге құлшылықтарым да, тіршілігім де, өлімім де әлемдердің (күллі жаратылыстың) Раббысы бір Аллаға арналады» («Әнғам» сүресі, 162-аят), - деп көрсетіледі. Мұны ұғынған адамның өміріне «үлкен және мәңгілік мән» кіреді. Себебі әрбір ой-пікірі мен іс-әрекетін Алла үшін реттеп, Оның разылығына байлаған адамның өмірлік мақсаттары соңсызға жол тартады. Барар жері мен жүрер жолы, кім үшін және кімнің разылығын көздеп іс қылмақ керектігі айқындалады. Іс-әрекет пен мінезде тұрақтылық пайда болады. Сондықтан адам өмірлік мақсаттарын айқындамай тұрып, ең әуелі өзінің өмірге келудегі мақсатын ұғынғаны жөн. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
