09:05 Риясыз рух | |
ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 3. Адамның өзімен болған қарым-қатынасы Армандау және қиялдау Адамның ұлы жеңістері армандаудан басталады. Арманы жоқ адам – қанаты қырылған құс секілді, биіктерге ұша алмайды. Адам армандаған сайын өзіндегі ұшқыр қиялды да шыңдай түседі. Ал ұшқыр қиялдың адам санасы мен ойының өзгеруіне ықпалы күшті. Бір сөзбен айтқанда, арман мен қиял адамға мүмкін емес әнрсені мүмкін етеді, алысты жақындата түседі. Кез келген іске басқа қырынан қарауға есік ашады. Алайда мына мәселені естен шығармаған дөн. Арман егер іс-әрекетпен қуатталмаса – адамды бос қиялдың жетегіне салып қояды. Сондықтан адам армандауы тиіс және арманын іс-әрекетпен қуаттап отыруы қажет. Сол кезде арман-қиялы – мақсатқа ұласады.
Мақсат қою Мақсаты жоқ адам – бағыты жоқ кеме секілді. Жел қайда соқса, солай қарай жүре береді. Қазақы философияда ондай адамға «Ұшарын жел, қонарын сай білетін қаңбақ» делінген. Адамның өмірде айқын әрі нақты мақсаты болмайынша, жетістікке жетуі де мүмкін емес. Мұндай адам жетістіктің қарамақарсы жағына шығады. Яғни кері кетуде (деградацияда) жеңіс тұғырынан көрінеді. Сол себепті адам арманын – мақсатқа ұластырып, харекет пен сабырлық таныту арқылы алға ұмтылғаны жөн! Мақсат жолында бірінші – арман, екінші – қалау, үшінші – күш-қайрат жұмсап еңбек ету һәм харекет қылу, төртінші – кезіккен қиындық пен кедергілерге сабырмен төтеп беру, бесінші – нәтижесін Аллаға тәуекел ету және нәтиже қандай болса да разылық таныту қажет. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
