18:27
Риясыз рух

ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

3. Адамның өзімен болған қарым-қатынасы

2. Интеллектуалды даму қыры

Интеллектуалды қырын дамыту үшін адам мидың ойлау қабілеттерін жетілдіруі тиіс. Мәселен:

Рационалды ойлау қабілеті. Бұл – нақты логикаға сүйеніп, мақсатты көздеу;

Сыни ойлау қабілеті. Бұл – адамда қырағылық және өз жеке пікірі мен ойының, көзқарасының қалыптасуы. Сондай-ақ белгілі бір мағлұматқа, көрген немесе естіген нәрсеге, әртүрлі оқиға мен жағдаятқа және мәселеге қатысты аналитикалық қабілеттің бар болуы.

Стратегиялық ойлау қабілеті. Бұл – нені қалайтынын және не нәрсеге ұмтылу керектігін білу. Сондай-ақ қолда бар ресурстарды өз мақсатына сай тиімді әрі үнемді қолдана алу. Бұл қабілет адамға даму жолдарын рет-ретімен жүйелеуге және нәтижені ойша көруге көмектеседі.

Жүйелі ойлау қабілеті. Бұл – орын алған жағдайға немесе мәселеге жүйелі әрі жан-жақты қарай алу. Мәселені қиындатпай оңай шешу. Қиын нәрсені жеңілдетудің жолдарын көру. Сыртқы ортаның әсерін және уақытты ұтымды пайдалана білу.

Креативті ойлау қабілеті. Бұл – ойдың жасампаздығы және жаңа бір нәрсе ойластыруға немесе ойлап табуға құштарлығы. Креативті ойлау қабілеті адамға кез келген мәселеде жаңа бағыт, жаңа идея көрсетеді. Кез келген проблемадан шығудың жаңа жолдарын ұсынады. Стандартқа сай емес ойлау да осы қабілеттің жемісі.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 14 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: