16:49 Риясыз рух | |
ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 3. Адамның өзімен болған қарым-қатынасы Жан-жақты жетілу Қоғам жан-жақты жетілген тұлғаларға мұқтаж. Осы негізде Ислам діні адамды жан-жақты жетілдіруді көздейді. Адамды – рухани S.Q. (Spirit Qualiti); интеллектуалды – I.Q. (Intellect Qualiti); физикалық – P.Q. (Power Qualiti); материалдық; эмоциялық E.Q. (Emotional Qualiti) және әлеуметтік қырынан дамуға шақырады. Бұл айтылғандар өз деңгейінде жүзеге аспаса, адам өмірінде «біркем дүние» мәселесі орын алады. Енді осы айтылғандарға жеке-жеке тоқталып өтейік.
1. Рухани даму қыры Аллаға иман келтіріп, құлшылық-ғибадаттарды орындау. Алланың есім-сипаттарын ұғынып, бұйрықтарына бойсұну; әрдайым Аллаға жақын екендігін сезіну; өмірлік қажеттіліктерін адал жолмен табу; Алланы жиі еске алу. Өзіне және өзгелерге қатысты әділ болу, бойын кекшілдік, қызғаныш және ұнамсыз нәрселерден аулақ салу; өз-өзін қабыл ету; ертеңгі күні өкініште қалдырып, көңілін жығатын, уайымға салатын (жалқаулық, ысырапшылдық, сараңдық, тәкаппарлық, пессемистік) секілді жан күйзелістерінен сақ болу; дұрыс өмірлік принциптерді негізге алу, эмоцияларын бақылауда ұстау; кең пейілді, кішіпейіл болу; нәпсіні ауыздықтай білу; ұлы мақсаттарға ұмтылу; өзіне деген сенімнің болуы. Рухани білім бағыты Ислам ғұламалары білімді екіге бөлген. Біріншісі – ақыреттік, екіншісі – дүниелік білім. Ақыреттік білім деп, Алла тарапынан уахи арқылы келген білімді айтамыз. Ол көбіне ғайып әлемді қамтиды. Бұған адамның ақылы жете бермейді. Мұны исламда Құран мен сүннет түсіндіреді. Құран мен сүннет исламда – рухани ілім мен діни үкімдердің негізгі қайнар бастауы. Дүниелік білімге адам тарапынан ашылған барлық білім саласы кіреді. Оған оқумен, тоқумен, түсінумен, сондай-ақ, әртүрлі бағытта зерттеу арқылы ақылмен қол жеткізуге болады. Исламда ниет атты жүректің ерекше қасиеті бар. Ерекше болғаны себепті, дініміз де оған ерекше көңіл бөледі. Бір қызығы мұсылман адам ниет арқылы дүниелік білімді де ақырет пайдасына шеше алады. Дүниелік білімнің заты – дүниелік болғанымен, оның рухани жағы ақыретпен ұштасып жатыр. Арадағы алтын көпір – жүректегі ниет пен шынайы ықылас. Ал нәтижесі – Алланың разылығы және мол сауап. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
