09:42 Риясыз рух | |
ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 3. Адамның өзімен болған қарым-қатынасы Өзін тану Адамның өзімен болған қарым-қатынасы – өзін танудан, өзінің өмірге келудегі басты мақсатын білуден және өмірлік мақсаттарын айқындаудан басталады. Адамның жан-жақты даму процесі – өзін танумен іске қосылады. Мәселен, ауруының диагнозын білмейтін адам, оның емі үшін қандай дәрі ішу керектігін де білмейді. Сол секілді өзін танымаған адам, өзіне не қажет екенін де біле алмайды. Бір сөзбен айтқанда, өмірде өзін таба алмай жүреді. Өзін танудың рухани жағы; адамның өзіне «мен кіммін, қайдан келдім, қайда барам, өлгеннен соң не болам, өмірге келудегі миссиям не, маған жүктелген жауапкершілік қандай?» деген сұрақтарды қою нәтижесінде жеміс береді. Дүниелік жағы; өзіндегі күш-құдірет пен мүмкіндіктерді, бойындағы әртүрлі қабілеттерді және кемшіліктерді жақсы білу. Соларды анықтау. Бойдағы қабілеттерді барынша шындау. Кемшіліктерді жою. Ашылмай жатқан қабілеттер болса одан әрі дамыту. Бұл адамға міндет. Себебі адамның өмірдегі жетістіктері оның күш-құдіреті мен мүмкіндіктері және қабілеттері аясында жүзеге асады. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
