23:59 Риясыз рух | |
ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 2. Адамның өзге адамдармен және қоршаған ортамен болған қарым-қатынасы Елемеушілік (тәғаафул) Қарым-қатынас мәселесінде адам өзгелер тарапынан болатын кемшіліктерге көз жұма білуді үйренуі тиіс. Бұл – арадағы қарым-қатынастың өміршеңдігіне негіз болатын құндылық. Ғалымдар арадағы қарым-қатынаста кейбір мәселелер мен кеткен кемшіліктерге көз жұма білуді үлкен ерлікке балаған. Хасан әл-Басри: «Адамнан кеткен қате-кемшілікке көз жұма білу – игі істерден», - десе, ахмад ибн Ханбал: «Көркем мінездің 90%-ы адамнан кеткен қате-кемшілікті елемеуде жатыр», - дейді. Қарым-қатынас мәселесінде басқаның кемшілігіне көз жұма білуге ғалымдардың берген бағасы осындай. Бұдан мынадай қағида туындайды: «Адам басқаның кемшілігіне көз жұмғанымен оның жақсы қасиеттерін және өзінің кемшілігін назардан тыс қалдырмауы керек». Бұл жерде ескере кететін мәселе бар. Қарым-қатынас кезінде басқаның кейбір кемшілігін байқамаған сыңай таныту – өте тиімді тәсіл. Десек те шариғат тыйым салған істерде жақыныңыз тарапынан ағаттық кетіп жатса, байқамай өтіп кете алмайсыз. Шамаңыз келгенше даналықпен айтып жеткізуге тырысқаныңыз жөн. Айтқанда да көпшіліктің көзінше емес, жанашырлық таныта отырып, жеке өзіне айтып ескертесіз. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
