09:00 Риясыз рух | |
ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 2. Адамның өзге адамдармен және қоршаған ортамен болған қарым-қатынасы Өзгені түсінуге тырысу (эмпатия) Өмірде әртүрлі жағдай орын алады. Орын алған жағдаятқа сай адамдар да әртүрлі күйге түседі. Біреу қуанады, біреу қайғырады. Біреу мұңаяды, біреу жадырайды. Біреу жылайды, біреу күледі. Біреу кешіреді, біреу теріс айналады. Біреу биіктейді, біреу төмендейді. Біреу қателеседі, біреу жазғырады. Біреу сүйеді, енді біреу жек көреді т.б. Адам өзін түсінгенін қалайды. Қателігін кешірсе деп үміт етеді. Қайғысына ортақ болса екен дейді. Міне, осы уақытта бір адам қарсысындағы кісімен тіл табысып, жақсы көңіл-күй сыйлап өзіне баурап алса, енді бірі керісінше, өзгелер тарапынан теріс эмоция тудырады. Психолог ғалымдар мұны адамдағы эмпатиялық тәжірибемен байланыстырған. Олардың айтуынша, адамдар арасындағы берік қарым-қатынасқа себепші болатын негізгі фактордың бірі – эмпатия. Эмпатия – жаныңыздағы адамның жан дүниесін, көңіл-күйі мен жағдайын өзіңізді сол кісінің орнына қойып, тұла бойыңызбен түсіну һәм сезіну. Сондай-ақ қарсыңыздағы адам тарапынан болған эмоцияға дұрыс реакция таныту. Әр адам өзінше бір әлем екендігін, өзіндік ойы мен психологиялық ерекшеліктері барын ұғыну. Қателесуге бейім екендігін іштей қабылдау. Юұған іштей дайын болған және жақсы түсінген адам өзгелермен оңай тіл табысады. Пайғамбарымыз өзгеге түсіністікпен қарауға адамды іштей дайындап былай дейді: «Барлық адам қателеседі. Қателескен адамдардың ішіндегі қайырлысы – қателігін мойындап, тәубеге келгені». Хадис адамның кемшілік пен қателікке бейім екендігін айтып, оған түсіністікпен және кешіріммен қарауға сананы алдын-ала дайындайды. Асылында мұны жете түсінген жан, өзінің және өзгенің табиғаты қателікке бейім екендігін ұғады. Бұл оған өз тарапынан болған кемшілікті жеңіл қабылдауға, ал өзгенің тарапынан болған кемшілікті жеңіл қабылдауға, ал өзгенің тарапынан кеткен қателікке кешіріммен қарауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, адам өзі жіберген қателік һәм қателік, жеңіл қарсы алынады. Бұл жерде ескере кететін мәселе бар. Кісі табиғаты қателікке бейім екен деп, ойланбастан және немқұрайлығы себепті немесе әдейі қателікке ұрына беруі дұрыс емес. Бұл – ақымақтық. Айтылып отырған мәселе – қателік пен кемшілікке ұрынбас үшін жан-жақты ойланып, барлық себептерді жасағаннан кейін барып орын алатын кемшілік пен қателікке қатысты қарым-қатынас. Адамды үмітсіздік пен күйзеліске түсіретін де негізінен қателіктің осы түрі. Адам мұны дұрыс түсінсе – еңсеруі де жеңіл болады. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
