08:52
Риясыз рух

ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

2. Адамның өзге адамдармен және қоршаған ортамен болған қарым-қатынасы

Құрмет көрсету

Өзгелермен қарым-қатынаста жалпыға ортақ негізгі қағиданың бірі. Мәселен, жапон мәдениетінде адамға құрмет көрсетудің үш қағидасы бар. ол – Құрмет көрсету; Ризашылық таныту; Қиындық тудырмау.

Құрмет көрсету – мәселен, кездесуге келісілген уақытта бару. Кешігу – құрметсіздік болып есептеледі. Себебі жапондықтар уақыт пен энергияның үнемділігіне аса мән береді. Кешігу болса, біреудің уақытын ұрлау.

Ризашылық таныту – алған затты әуелгісінен жақсы етіп қайтару. Мәселен, жалға бір зат немесе офистік бөлме алсаңыз, қайтарған кезде бұрынғыдан да әдемі қылып беру т.с.с.

Қиындық тудырмау – біріншіден, өзін ұнатпайтын және өзіңе жағымсыз нәрсені өзгеге жасамау. Екіншіден, кешірім сұрайтын жағдайға жеткізбеу. Үшіншіден, қиын істі немесе ауыр жүк артпау.

Ислам діні де өзгелермен қарым-қатынасты оларға деген құрмет негізінде құрады. Алла елшісі хадисінде:

«Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетпеген адам бізден емес», - деген.

Хадистегі «құрмет» сөзі – «хурматун» сөзінен шығады. Мағынасы – «харам» дегенге саяды. Бұдан түсінетініміз: үлкенге құрметсіздік тыйым салынған істерден. Үлкенді жәбірлеу, мазақ қылу, қорлау, еңбегін бағаламау – харам.

«Ізет» сөзі – «иззәтун» сөзінен шығады. Мағынасы – «абырой, атақ, даңқ, намыс» дегенге саяды. Бұдан түсінетініміз: кішіге қарсы қарым-қатынаста «сенің қолыңнан не келеді?» деген секілді сөздермен оларды төмендетпей, керісінше, жоғары баға беріп, жақсы істерге ынталандырып, намысын қайрайтын сөздер айтып, өзіне деген сенімін арттырып, атақ-даңқын, абыройын арттырып отыру қажет.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 8 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: