22:29
Риясыз рух

ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

2. Адамның өзге адамдармен және қоршаған ортамен болған қарым-қатынасы

Адамның өзге адамдармен қарым-қатынасы

Адамның жан саулығына кепілдік беретін фактордың бірі – өзгелермен жақсы қарым-қатынас орнатуы. Төменде өзгелермен қарым-қатынас мәселесіндегі негізгі ұстанымдарға тоқталып өтеміз.

 

Өзіне қалағанды өзгеге де қалау

Адамға тән психологияның бірі – біреуді жақсы көруді қалағаны секілді, өзгелер тарапынан жақсы көрінгенді де қалауы. Адам өзгелер тарапынан өзінің түсінілгендігін, кешірілгендігін қалайды. Сондай-ақ олардан сүйіспеншілік, достық, махаббат, жылулық пен мейірім күтеді. Бұған қол жеткізген уақытта белгілі бір дәрежеде өзін бақытты сезінеді.

Асылында, бұған қол жеткізу үшін, осы айтылғандарды өзгелерге де бере алу керек. Адам басқалар тарапынан түсініліп, сүйіспеншілік пен махаббатқа бөленуді қаласа, өзі де оларға түсіністікпен қарап, мейірім мен қамқорлық танытқаны жөн. Сол кезде барып өзі қалаған нәрсеге қол жеткізе алады. Ньютонның физикадағы үшінші заңында «әрбір әсерге қарсы бағытталған келесі бір әсердің болатыны» айтылған.

Адам әлеуметтік бейімділікпен жаратылған. Қоғамнан өзін ойша немесе көңіл суыту арқылы шеттекен жағдайда жалғыздық дертіне шалдығады. Жалғыздық болса, адам өмірінің мәнін қашыратын рухани дерт. Психологтар адамдағы жалғыздық дерті, қасында ешкім қалмағандықтан емес, керісінше, ішкі әлемінің құлазып, көңілінде ешкім қалмағандығы себепті туындайды деген.

Ислам діні адамның өзіне қалағанды өзгелер үшін қалай алу қасиетін – рухани кемелденудің кепілі ретінде қарастырған. Алл елшісі (с.а.с.) бір хадисінде:

«Ешбірің өзіне қалағанды мұсылман бауырына да тілемейінше, толық иман еткен болып саналмайды», - дейді.

Өзіне қалағанды шын пейілмен өзге үшін де қалай білу – нағыз адамгершілік. Бұл рухани тазалық пен санадағы тыныштықтың көрінісі.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 15 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: