23:14
Риясыз рух

ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

1. Алламен болған қарым-қатынас

Алламен болған қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін жасалатын қадамдар:

Тағдырға разы болу

Адамның жан дүниесіне тыныштық сыйлап, санасын мазасыздықтан сақтайтын әрі өзін бақытты сезінуге себепші болатын нәрсенің бірі – Алланың берген нығметіне және тағдырына разылық таныту. Ал керісінше, берілген нығмет пен тағдырға разылық танытпау – адамды рухани тұрғыдан қиындыққа душар етеді.

Тағдырға разылық танытпаған адам шүкір ету қасиетінен айырылады. Өз тағдырын үнемі өзгенің тағдырымен салыстырумен әуре болады. Бұл оған өзгеге берілген нығметті ғана байқатып, өзіне берілген сансыз нығметтерді көрсетпей тастайды.

Міне, осыдан барып адамда қанағатсыздық, сананың мазасыздығы, ан дүниенің күйзелісі, қызғаныш секілді дертте пайда болады. Осындай рухани дерттердің алдын алу мақсатында, сондай-ақ тағдырға разы болу адамның өзі бақытты сезінуіне себепші болатыныны айтып Алла елшісі (с.а.с.) хадисінде:

«Алланың өзіңе берген нығметтеріне разылық таныт, адамдардың ең бақыттысы болсаың!» деген.

баспаға әзірлеге ретке келтіруге көмектеседін

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 24 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: