01:16 Риясыз рух | |
ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 1. Алламен болған қарым-қатынас Алламен болған қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін жасалатын қадамдар: Құлшылық-ғибадаттар Ғибадатқа – намаз, ораза, зекет, қажылық, білім алу, мұқтаж жандарды тамақтандыру, садақа беру т.с.с. құлшылықтар жатады. Бұлар – иманның жемістері. Құлшылық – Аллаға ғана арналуы тиіс. Құранда: «Мен жындар мен адамзатты тек қана (Мені танысып һәм) маған құлшылық етсін деп жараттым» («Зәрият» сүресі, 56-аят), - делінген. Мұның сыры – Құдайға жақын болудың жалғыз ғана жолы бар. Ол – құлшылық. Яғни Алла тағала ғибадатты бұйыру арқылы, құлдың әрдайым Өзіне жақын болғанын қалайды. Құлшылық себепті адам Алланың махаббаты мен мейіріміне қол жеткізеді. Ғибадат-құлшылықтың нәпсінің тазаруына өте үлкен әсері бар. Бұлар адамды рухани және әлеуметтік жауапкершілікке, әділдікке, сабырлыққа, кішіпейілдікке, өмір сынақтарынан аман өтуге, рухани еркін болуға, қалау күштері мен батылдығының артуына, адамдарды жақсы көруіне, әлеуметтік қабілеттерінің жетілуіне, өзара көмек қолын созу қабілеті мен сезімдерінің артуына жәрдемдеседі. Бұл – ғибадат-құлшылықтардың рухани жағы. Ғибадат-құлшылықтар дұрыс болу үшін, оның сыртқы формасын, яғни орындалу тәртібі мен жүйесін және парыз бен сүннеттерін де үйрену қажет. Ол үшін, әрине, фикһ ілімінен біраз хабардар болған жөн. баспаға әзірлеге ретке келтіруге көмектеседін Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |