11:05 Риясыз рух | |
ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 1. Алламен болған қарым-қатынас Алламен болған қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін жасалатын қадамдар: Құранды оқу, түсіну және үкімдеріне амал ету Құран – зікірдің ең үлкені. Құранға көңіл бөлу, күнделікті оқу, үкімдеріне амал ету – адам жүрегіне ерекше әсер береді. Алла елшісі (с.а.с.) бір хадисінде: «Құранды алу – береке (яғни Құранды оқу, түсіну және үкімдеріне амал ету). Құранды тастап қою – қасірет. Құранның алдында жалған менсиқыршы қауқарсыз», - деген. Имам Шафиғи шәкірті Рабия ибн Сүлейменге айтқан насихатында: «Егер се өз жүрегіңді және балаңның жүрегін тазартқың келсе, Құранға көңіл бөл. Жүрек Құранмен байланса, Алла да ол жүректі дұрыстайды», - деген. Ғалымдар: «Жүректің дерттері қалайша әлемдердің Раббысы Алла тағаланың сөздеріне төтеп берсін! Құран дүние мен ақыретке қатысты жүректің юарлық дертіне шипа», - дейді. Құранда да: «Біз Құранда мүміндер үшін шипа һәм рақым болатын аяттар түсіреміз» («Исра» сүресі, 82-аят) деп баяндалады. Олай болса, адам Құранды басшылыққа алып, жүрегін сыртқы және ішкі әсердің жаманынан сақтап, оны барынша өзіне пайдалы және Аллаға ұнайтын ізгі істерге жұмылдырғаны жөн. баспаға әзірлеге ретке келтіруге көмектеседін Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |