11:34
Риясыз рух

ДЕПРЕССИЯНЫ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ

Депрессияны емдеу екі әдіске негізделеді: бірінші – емдеудің сыртқы әдісі, екінші – емдеудің ішкі әдісі.

Емдеудің сыртқы әдісі арнайы мамандардан кеңес алумен, білімді, дана ұстаздардың насихатын тыңдаумен жүзеге асады. Бұл әдіс тәнді сыртынан, яғни дәрі-дәрмекпен емдеуге ұқсайды. Ал емдеудің ішкі әдісі адамның өз ішінде туындайтын жақсы ойларға негізделеді.

Адам жақсы ойлау арқылы бір нәрседен айырылып немесе бір нәрсеге қол жеткізе алмай қалған кездегі туындайтын уайым-қайғыны жеңуді үйренеді. Бұл әдіс тәнді іштен, яғни диета ұстау, ораза тұтумен емдеуге ұқсайды.

Бұл әдістердің екеуі де маңызды. Алайда екінші әдіс, яғни адамның өзін іштей жақсы ой арқылы емдеуі, кез келген қиындыққа тап болған уақытта шектен тыс уайым мен депрессияның алдын алуға көмектеседі. Шектен тыс уайым мен депрессияның алдын алуға көмектеседі. Шектен тыс уайым мен депрессия орын алған жағдайда сыртқы әдіске, яғни маманның кеңесі мен насихатына жүгінген дұрыс.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 20 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: