11:29
Риясыз рух

ДЕПРЕССИЯНЫҢ СЕБЕПТЕРІ

Депрессия екі жағдайда және екі түрлі болады.

Бірінші – депрессияға ұрындыратын нақты бір себеп бар. Мәселен, ең жақын адамнан, меншікті дүние-мүліктен немесе құнды бір заттан айырылу себепті.

Екінші – депрессияға салынуға нақты бір себеп жоқ. Бұл аяқ астынан туындайтын ішкі күйзеліс, көңіл-күйдің жоқтығы, рухани қараңғылық т.б. себептер. Бұған шалдыққан адамның санасы тұмшаланып, уақытының біраз бөлігін босқа өткізіп алады. Сондай-ақ дәл сол уақытта өмірдің қарапайым ләззатын сезінуден қалады. Мұндай дертке шалдыққан адам өзіндегі жабырқау мен уайымның себебін біле алмай қиналады.

Уайым мен депрессияның себепсіз туындауы тәндегі қан айналымының нашарлауы мен қан құрамының өзгеруіне және ластануына тікелей байланысты. Мұны емдеу тәндік және психологиялық бағытта қарастырылады. Тәндік тұрғыдан емдеу қан құрамын тазарту немесе жаңарту және денедегі ыстық мөлшерін арттыру арқылы жүзеге асады. Ал психологиялық емдеу жабырқау көңілге эмоционалды жылу сыйлайтын жақсы әуен тыңдаумен, сондай-ақ көңіл көтеретін салиқалы әңгіме айтумен және пайдалы насихат тыңдаумен болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 17 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: