11:17 Риясыз рух | |
УАЙЫМҒА ДУШАР БОЛУДАН ҚҰТҚАРАТЫН ӘДІС Дейл Карнеги өзінің еңбегінде уайымнан құтылудың мынадай үш тәсілін ұсынады. Ол былай дейді: 1. Қандай да бір қиын жағдайға тап болсаң, ең әуелі байсалдылық таныт, мәселені жан-жақты саралап анализ жаса. Сен үшін осы қиындық себепті орын алуы мүмкін ең жаман нәтиже қандай болмақ? Ойлан! 2. Орын алуы мүмкін ең жаман нәтижені анықтағаннан кейін, оған өзіңді іштей дайында. Бір сөзбен айтқанда, орын алуы мүмкін ең жаман нәтижені психологиялық тұрғыдан қабылдауыңа тура келеді. Осы арқылы адам қиындыққа төтеп беруге іштей дайын болады. 3. Байсалдылықпен, өмірге деген позитивті көзқарасты жоғатпастан бойдағы бар энергияны және басқа да мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қиын жағдайдан шығудың жолын қарастыр. Міне, осындай дайындық саған дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Адам орын алуы мүмкін ең қиын нәтижеге өзін психологиялық тұрғыдан дайындай білсе, санасын тұмшалаған қорқынышты суреттерден құтылады. Ал орын алған нәрсені сол күйінде қабылдай білу, алдағы уақытта өзге де сәтсіздіктердің алдын алуға көмектеседі. Асылында, кез келген проблеманың шешімі бар. Тек соны анықтай білу керек. Біз кейде проблеманың өзін дұрыс анықтап алмай, бірден шешімін табыуға тырысамыз. Әрине, бұл оң нәтиже бермесі анық. Содан келіп уайым басталады. Тіпті кейде проблеманы анықтау мен оған анализ жасауда енжарлық танытып, басымызды ауыртқымыз келмейді. Нәпсімізге жағатын жағына бұрып кетіп жатамыз. Проблеманы шешу үшін ең әуелі – оны анықтаған жөн. Алайда құр анықтаудың өзі де кейде пайда бермейді. Анықтағаннан кейін оны жан-жақты саралау керек. Содан кейін барып шешім шығарған дұрыс. Міне, бұл кез келген проблемамен толыққанды күресу болып табылады. Уайымға салынған кезде бізде эмоциялық толқу басым. Ал эмоцияға берілген кезде шығарылған шешімнің салмағы жоқ, бәрі үстіртін һәм ат үсті. Бұл жерде байсалдылық, салмақтылық, рухани тұрақтылықтың болуы шарт. Одан кейін барып адам өзіне мына сұрақтарды қойғаны абал: 1. Мені не мазалайды? 2. Бұған қарсы мен не істей аламын? Осылай жасау арқылы біз проблемамен күресудің алғашқы қадамын жасаймыз. Ал проблеманы анықтап, анализ жасап жасағаннан кейін, шешімді іске асыру ғана қалады. Сондай-ақ, мұның бәрін қағаз бетіне түсірген тиімді. Өйткені көз алдындағы нәрсе ойдың жинақы болуына көмекші фактор. Әбу Бәкір әр-Разидың қайғыны қайтару жайындағы ой-тұжырымы Әбу Бәкір әр-Рази қайғыны: «Сүйген немесе ұнатқан нәрседен айырылған кезде ақылда пайда болатын симптом», - деп түсіндіреді. Оның айтуынша: «Қайғы адамның санасын мазалап, ой-пікірін, ақылын бұзады және рух пен денеге зиян келтіреді. Сондықтан адам қайғыдан құтылудың немесе азайтудың жолдарын қарастыруы қажет. Бұл мына екі жол арқылы жүзеге асады: біріншісі, қайғыдан сақтану және болдырмас үшін оның алдын алу. Бұл жағдайда қайғы орын алған күннің өзінде өте аз мөлшерде болады; екіншісі, орын алған қайғыны қайтару немесе оны азайту және әлсірету. Әбу Бәкір әр-Рази шығармашылығында басқа түскен қайғы-мұңды қайтару немесе оны азайту және әлсіретудің жолдары 1. Әлемдегі ешбір нәрсе тұрақты емес. Өзгеріске ұшырайды немесе жоқ болады. Сол себепті адам баласы өз еркінен тыс айырылып қалатын және түбінде жоқ болатын нәрсені шамадан тыс қастерлеуі немесе көбейтуі орынсыз. Кім өткінші нәрсеге махаббат қойса, өз басын қайғыға душар етеді. 2. Жақсы көретін нәрседен айырылған кездегі адамның қайғысы да мәңгі емес. Уақыт өте келе жоғалтқан заттың орнын басқасы толтырады және бұрынғы қайғысы да ұмытылады. Қайғы келмей тұрған кездегі табиғи өміріне қайтып оралады. Ақылды адам басына қандай да бір қиындық немесе қайғы орнаған уақытта, осы жайтты нәпсінің есіне салғаны жөн. Қайғы келмей тұрған кездегі көңілді, бақытты халін нәпсіге сағындырып, сол бұрынғы көңілді кезге жетуге асықтыру қажет. Бұл тәсіл қайғыны жеңілдетуге көмектеседі. 3. Қайғыға көбірек душар болатын адам – ұнатқан, жақсы көрген нәрселері көп болған адам. Ақылды адамға лайықты іс – бұларды азайту. Сол кезде қайғысы азаяды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |