22:53 Риясыз рух | |
АДАМДАРДАН ҚОРҚУ Өзге адамдардан қорқу да өмірде жиі кездесетін қорқыныш түрі. Көп адам басқаның өз тарапына зұлымдық жасацынан, қорлауынан, мазақ етуінен, үстемдік жүргізуінен қорқады. Әсіресе мансап, күш-қуат иелерінің езгісі мен тепкісінен сескенеді. Оларға қарсы өзінің және басқа біреудің тойтарыс беруін мүмкін емес нәрседей көреді. Ал қарсылық білдірген жағдайда, бұған дейін өзін қолдап, қасында бірге жүрген адамдардың сатып кетуінен күдіктенеді. Құран мұса (а.с.) мен Харун (а.с.) пайғамбарлардың перғауынның зұлымдығынан қаймыққан кездесі жағдайларына ишарат етеді. «Сол кезде екеуі: «Уа, ұлы Раббымыз! Біз оның (сөзімізді соңына дейін тыңдамай) екеумізді бірдей бас салып, жазаға тартуынан немесе одан сайын азғындап, бізге қатыгездік жасауда шектен шығып кете ме деп қорқамыз», - деді» («Таһа» сүресі, 45-аят). Асылында, шынайы иман келтірген жан әр нәрсеге иман нұрымен қарай білгендіктен, өзге адамдардың Алланың жазғанынан артық зиян тигізе алмайтынын жақсы біледі. Иман келтірген адамның бұл хәлін Пайғамбардың (с.а.с.) Ибн Аббасқа (р.а.) өсиет қылып айтқан мына сөзі растайды. Ибн Аббас (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) соңынан еріп келе жатқанымда: «Әй, бала! Саған біраз ақыл айтайын: Алланың хақысын сақта. Сонда Алла тағала да сені сақтайды. Еш уақытта Алланы жадыңнан шығарма. Сонда Ол да (қиын сәттерде) қасыңда болады. Қалауың болса, тек Алладан тіле. Жәрдем керек болса, оны да жалғыз Алладан сұра. Біліп қой. Бүкіл адамзат жиналып, сен үшін қандай да бір пайда келтірмек болса, Алланың маңдайыңа жазғанынан артық пайда келтіре алмайды. Сондай-ақ, күллі адамзат баласы жиналып, саған зәредей де зиян тигізе алмайды, өйткені (адамның тағдырын жазатын) қаламдар әлдеқашан тоқтап, паратқтардағы сия да кеуіп қалған», - деп айтты, - деген. Қортыа айтқанда, мүмін адамдағы шынайы қорқыныш хәлі – Алладан именіп (хушуғпен) қорқу. Иманы оған өлімнен, кедейліктен, адамдардан, бұлыңғыр болашақтан, белгісіздіктен, игі істі қолға алудан орынсыз қорқуға жол бермейді. Ол Алланың азабы мен ашуына душар ететін нәпсінің хайуани қалаулары мен шайтанның азғыруынан тосылып, үнемі өзін тәрбиелеумен болады. Қорқыныш эмоциясы шегінен шықпай, өлшеммен әрі дұрыс қолданылса, адамды күнәдан тосады, сонымен қатар оны құлшылық пен ғибадатта ықтияттылық танытуға, көбірек ізгі істер атқаруға және әр ісінде ықыласты болуға жетелейді. Осындай нәтижелерге ұластыруы себепті, Алладан именіп қорқу (хушуғ) адамға жан тыныштығын сыйлайды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |