10:17
Риясыз рух

КЕДЕЙЛІКТЕН ҚОРҚУ

Кедейліктен қорқу да адамдар арасында кең тараған қорқыныш түрі. Өмірде күндік азық тауып, отбасын асырау мақсатында адам еңбектеніп ризық іздейді. Тапқан ризығына қауіп төндіретін немесе ортақ болғысы келген тысқары қандай да бір себеп, мазасын қашырып, бойына қорқыныш ұялатады. Мұны тарихи деректерден де байқай аламыз. Исламға дейін арабтар кеделйліктен қорқып, балаларын тіпті өлімге де қиятын. Құран олардың бұл ісін сынға алып, ризық-несібенің Алла тарапынан берілетіндігін баян етеді:

«(Уа, адамдар!) Кедейліктен қорқып, бауыр еті балаларыңды өлтірмеңдер. Оларға да, сендерге де ризық-несібені Біз береміз. Оларды өлтіру расында да үлкен күнә» («Исра» сүресі, 31-аят).

Құран иман байлығының кедейлік қорқынышына да ем болатынын айтады. Шынайы иман келтірген адам ризық беруші Алла екендігін білгендіктен, уайымға берілмейді және өрескел қадамға бармайды. Құран адам бойында кедейлікке деген қорқынышқа қарсы берік иммунитет қалыптастыру мұратымен:

«Анығында, нағыз Раззақ (күллі жаратылыс атаулының ризығын беруші) – құдіретті күш иесі Алла!» («Зәрият» сүресі, 58-аят)деп баяндайды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 43 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: