23:51
Риясыз рух

ҚОРҚЫНЫШ ӨЛШЕМІ

Қорқыныш эмоциясы адамды белгілі бір қауіп-қатерден құтылу мақсатына бағыттап, тіршілігінде орын алған келесңсіздікті қайта қалпына келтіруге жәрдемдеседі. Алайда мына мәселені де ескерген жөн. Қорқыныш эмоциясы пайдалы болуы үшін шектен шықпауы тиіс. Шектен шықса, адамға кері әсер етеді, дәлірек айтсақ, адамның еркіндігін шектейді және дұрыс ойлау мен қабылдау қабілетінің деңгейін төмендетіп жібереді. Психолог ғалымдардың айтуынша, адам – әлеуметтік өмір салтына бейім жаратылғандығы себепті, шектен шыққанқ орқыныш көп жағдайда оның діттеген мақсатына ұласуына немесе белгілі бір жетістікке жетуіне тосқауыл болады.

Мамандар үнемі қорқыныш сезімінде жүрген адамның психикасы бұзылады деген. Соның салдарынан бірте-бірте есте сақтау қабілеті төмендеп, адам ұмытшақ бола бастайды. Сондай-ақ ұйқысыздыққа шалдығуы да мүмкін. Жүректің қағысы өзгеріп, тамаққа деген тәбеті нашарлайды.

Нәтижеде, осының бәрі денсаулықтың нашарлауына әкеліп соғады, тіпті адамның ерте қартаюына да әсер етуі мүмкін. Сол себепті адамға стимул беретін үміт секілді позитивті нәрселер де қажет.

Соңғы тәжірибелік зерттеулерде анықталғандай, қорқыныш шектен шықпаса, адамның қолға алған ісін өте сапалы орындауға мүмкіндік береді. Ал керісінше болған жағдайда, адамды сәтсіздікке душар қылады. Мәселен, қалыпты жағдайдағы қорқыныш, оқушының емтиханға жақсы дайындық жасауын қамтамасыз етсе, шектен шыққан қорқыныш, оқушының ой жинақылығына кедергі келтіреді. Нәтижесінде, емтиханға дайындық сапасы да төмендейді.

Ислам ғұламаларының айтуынша, қорқыныш шектен шықпаса, адамды пікір өрбітуге жетелейтін себептің бірі. Мәселен, исламда қорқыныш, адамды Алланың бұйрықтарын орындауға итермелеп, тыйымдарынан тыйылуға жетелеу арқылы «тақуалық» терминін иеленуде. Осы айтылғандардың нәтижесіне қарап, қорқынышты, кейбір психологтардың айтқанындай, негативті сезім деп емес, адамға тән жақсы сезім ретінде қарастыруға негіз бар. Себебі қорқыныш дұрыс бағытта қолданылса, адам өмірін белгілі бір жүйеге негіздеуге септігін тигізеді. Адамның осы бір қыры Құран мен сүннеттің де назарынан тыс қалмайды. Құран мен сүннет, адамның осы бір келбетін ескере отырып, адамның өз өмірін ретке келтіруі үшін кейбір тұста қорқыту әдісін  қолданады және сол арқылы оны ғапылдық құрсауынан оянуға шақырады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 50 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: