23:18
Риясыз рух

ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МОТИВ

Мотив – қажеттілікті қанағаттандыру мақсатымен адамды іс-әрекетке итермелейтін себеп күші. Адамның қандай да бір іс-әрекеті оның мотивтік себеп күштеріне байланысты.

Психолог мамандар мотивтерді физиологиялық және психологиялық деп бөледі. Бұлардың бір бөлігі тіршілікті сақтап қалуға, ұрпақтың жалғасуына, деннің саулығы үшін қызмет етсе, енді бір бөлігі адамны рухани жетіліп, тыныштық пен амандықта рахат өмір сүруі үшін қызмет атқарады.

Мәселен, физиологиялық мотив – адам болмысында тумысынан (фытратында) бар. Ол денені сыртқы күштерден (бактерия, ауру, вирус, т.б.) қорғап, тіршілік етуін сақтауға атсалысады. Адамның тәндік қажетін қанағаттандырып, денедегі тепе-теңдіктің бұзылуын қалпына келтіреді. Мәселен, денедегі ыстық деңгейі көтеріліп және төмендесе немесе дене шаршап-шалдықса, физиологиялық мотив дереу харекетке көшіп, денеде орын алған тепе-теңдікті қалпына келтіреді. Бүгінгі таңда зерттеулер нәтижесі адам мен жануарда физиологиялық қорғану және сақтану мотивтерінің бар екендігін теориялық және тәжірибе тұрғысынан дәлелдеп шықты. Физиологиялық мотивтерге: аштық, шөлдеу, ауаның жетпеуі, ұйқы (демалу), ыстық пен суықтан қорғану, үлкен және кіші дәретке отыру, денені зиянды нәрседен қорғану, жыныстық және аналық т.с.с. мотив түрлері жатады.

Физиологиялық мотивтердің бір бөлігі адамның қалауынан тыс, өздігінен жүзеге асады. Мәселен, адам ыстық ауада терлесе, дене бірден суынып, шыққан тердің бірте-бірте буға айналуын қамтамасыз етеді. Дәл сол секілді көздің ішіне қандай да бір зат түсетін болса, адамның еркінен тыс көздің іші жасқа толады да, әлгі затты сыртқа шығарып тастайды.

Адамның қалауымен жүзеге асатын физиологиялық мотивтер де бар. Мәселен, адам қарны ашып немесе шөлдесе, тамақ пен суға деген тәбеті ашылады. Тәбеті ашылу себепті мұны жүзеге асыру да оның ерік-қалауында.

Физиологиялық мотив – тіршілікті жалғастырудың бірден-бір кепілі. Егер аштық мотиві болмаса, адам қарны ашқандығын сезбейді, нәтижесінде тамаққа деген тәбеті болмайды. Бұдан аштан өлу қаупі ортаға шығады. Осы секілді қауіптің алдын алуда және адамның тіршілігін сақтап қалуда мотивтер маңызды рөлге ие.

Физиологиялық мотив өз ішінде екі түрге бөлінеді. Олар:

  1. Өз тіршілігін сақтап қалу мотиві;
  2. Түрді (вид) сақтап қалу мотиві.

Құран аяттары мен сүннетте де бұл мәселелерге ишарат етілген.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 55 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: