08:35 Риясыз рух | ||
ШЕКТЕН ТЫС ӨЗГЕНІҢ ІСІНЕ АРАЛАСУДАН ТУЫНДАЙТЫН НӘПСІНІҢ ДЕРТТЕРІ 3. Тың тыңдау, аңду Тың тыңдау, аңду – адамның бұған бойы бір үйреніп алса, өзінің бұл ісінен ләззат ала бастайды. Нәпсінің бұл дерті де әлсіз адамға тән қасиет. Мұндай тип адамдар өмірден өз орнын таба алмағандықтан, өзгенің айыбын басқа адамдарға ашу арқылы көзге түсуді қалайды. Сол арқылы ұпай жинауды, біреуге жағуды көздейді. Ғалымдар бұл мәселенің есігін тарс бекітіп: «Біл, егер кімде-кім саған біреудің айыбын ашқан болса, сенің де айыбыңды оған немесе өзгеге оп-оңай ашады», - деген. Біреудің кемшілігін іздеп, оны аңду, тың тыңдау – Исламда тыйым салынған істерден. Асылында, шынайы мұсылман адам өзгенің айыбын әшкере етуді емес, керісінше, жасыруды мақсат қылады. Алла елшісі (с.а.с.) мұсылманды мұндай дерттен сақ болуға шақырып, өзінің хадистерінде: «Кімде-кім мұсылманның айыбын жасыратын болса, Алла тағала да оның бұл дүниеде және ақыретте айыбын жасырады», - деген. Құран да мұсылмандарды бұл дерттен сақтандырып: «Біріңді-бірің аңдымаңдар!» («Хужурат» сүресі, 12-аят) – дейді. Тың тыңдау немесе аңду тек соғыс жағдайында және төніп тұрған қатерден ұтылу мақсатында ғана рұқсат етіледі. Ал бейбіт күндерде мұндай іс-әрекетке түбегейлі тыйым салынған. Ибн Масғуд (р.а.): «Бір күні біреулер: «Мынау сақалынан шарап тамған пәленше деген кісі», - деп, менің алдыма бір күнәһар адамды сүйреп әкелді. Сонда мен оларға: «Расында, (шариғат бойынша( біреудің артынан аңдып, айыбын әшкерелеуге қатаң тыйым салынады. Ал егер (қандай да бір арсыздық) көз алдымызда ашықтан-ашық жасалса, оған қарсы онсыз да шара қолданамыз», - деп ескерттім», - деген.
4. Өтірік, жалған айту Шыншылдық – Исламда барлық жақсылықтың өзегі саналады. Шыншылдық – Аллаға деген құлшылық пен адамдар арасындағы дұрыс қарым-қатынастың өлшемі. Құранда Алла тағала: «Уа, иман келтіргендер! Аллаға тиісінше тағзым етіңдер әрі Оған қарсы келуден барынша сақтаныңдар, сондай-ақ (ісі де, сөзі де түзу, Аллаға берген уәделеріне берік) шыншыл жандармен бірге болыңдар!» («Тәубе» сүресі, 119-аят) – деп баяндайды. Өтірік пен жалғандық – ақиқатты бұрмалау және болмыстың шынайы таибғатына қарама-қайшы нәрсе. Бұған бой алдырған адам – өз нәпсісін ауруға душар етті еген сөз. Ғалымдар өтірік пен жалғанды бес категорияға бөліп қарастырады. Олар. - Айтылуы міндет (уәжіп) болған өтірік. Мұсылманның өз өмірін немесе өзге бір мұсылманның өмірін сақтау мақсатында айтылатын өтірік. - Айтылуы харам болған өтірік. Ешбір себепсіз әрі ешқандай пайдасы жоқ өтірік айту – харам. - Айтылуы мәндүп болған өтірік. Соғыс кезінде немесе дұшпанға сес көрсету және оны майдан алаңынан қашыру мақсатында өтірік айту. - Айтылуы мәкруһ болған өтірік. Күйеудің, әйелінің көңілін тыныштандыру мақсатында өтірік айтуы. - Айтылуы мубах болған өтірік. Екі адамның арасын жарастыру мақсатында айтылатын өтірік. Психологияда өтірік дертіне шалдығуды – мифомания деп атайды. Мифомания дерті адамды өтірік айтуға тәуелді қылады. Өтірік ол адамның өмірінің ажырамас бір бөлігі. Мұндай тип адам өтірікті ойдан құрастырып, шындай етіп көрсетуге тырысады. Ұялмастан, тіпті өзінің өтірік айтып жатқандығын басқалардың білетіндігін сезіп тұрса да, өтірікті көлдей сапырады. Мұнымен қоймай, айтқан өтірігіне өзі сенеді. Сол арқылы өзіне басқалардың көңілін аудартқысы келеді. Өзінің маңыздылығын байқатуды көздейді. Мұны психиатрия саласында – патологиялық өтірік дейді. Пайғамбарымыз хадисінде бұл дертке шалдығудан сақтандырып: «...Кісі үнемі жалған сөйлеп, өтірік айтуға әуестенсе, ақырында, Алланың құзырында өтірікші кәззап деп жазылады» деген. жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| ||
|
Всего комментариев: 0 | |