20:26
Референдум рауаны
НҰРСӘУЛЕЛІ НҰРМЕКЕН
Басқа басқа, ал өз басым Елбасы һәм «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзартуды барынша қолдаймын. Осындай қарапайым түрде ғана айтылған сөйлемде елдік те, егемендік те, тұғырлылық та, тәуелсіздік те, межелік те, мемлекеттік те сыйып отыр. Жиырма жылдай еліміздің бүтіндігіне, ынтымақтастығына, бірлігіне, татуластығына ұйытқы болып отырған, сонымен бірге жылдан жылға, күннен күнге сән түзеп, бой көтеріп, әлемдік дейгейге дейін шарықтап келе жатқан Астананың заманалық құрылысына мұрындық болып отырған Нұрсұлтан Әбішұлы – ісімен де, қайраткерлігімен де танылған біртуар һәм бірегей Тұлға. Ол ол ма, Еуропадағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік ұйымына жасаған төрағалығы және сондайма жауапкершілікті еліміздің мәртебесін көтерген саммитпен қорытындылаған, осыған дейін экономикалық дамуда қарым ала алмай келеген индустрияға инновациялық қарқын беріп, үдемелі һәм жедел дамудың мемлекеттік бағдарламасын ұсынып, іс арқылы жүзеге асыра бастаған стратег емес пе. Әуелден еліміз көп ұлт пен ұлысқа мейірлі құшағын ашып, атамекенге айналған. Осы жолда да Елбасы салиқалы саясат ұстанып, мызғымас татулық және бұзылмас бірлікке тірек болды. Менің ойымша, қазіргі күннің биігінен қарағанда Н.Ә.Назарбаевқа тең келетін балама тұлға жоқтың қасы. Оның үстіне 2020 жылға дейін стратегиялық дамудың бас-қасында да жүргені сенімді нықтай түседі. Асылында, «ежелгі – Тұран, бүгінгі – Қыран» Қазақстанға берісі 2020 жылға дейін, арысы басты меже болып отырған 2030 жылға дейін Н.Ә.Назарбаевтың Президент һәм Елбасы болғаны сондайма орынды деп білемін.
 ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ,
«Нұр Отан» ХДП «Бесқарағай» БПҰ төрағасы,
Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
www.shakhibbeker.ucoz.kz (shakhibbeker@gmail.com)
Просмотров: 941 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: