11:53
ҚР бойынша ҰБТ-2011 қорытындысы
2011 жылғы ҰБТ-ның қорытындысы
Елімізде 4-10 маусымда 154 тестілеуді өткізу пункттерінде (49-ы – жоғары оқу орындарында, 105-і – мектептерде) ҰБТ өткізілді.
Ағымдағы жылғы ҰБТ-ға 126 168 мектеп бітіруші қатысты, бұл ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендердің 97,4 % немесе жалпы мектеп бітірушілердің 79 % құрайды (2010 жылы - 107 545-і тестілеуден өтті).
Шекті деңгей 50 балдан төмен балл жинағандар 12 138, бұл тестілеуге қатысушылардың 9,6 %-ын құрайды (2010 жылы – 11 596 (10, 8 %).
30 мектеп бітіруші (2010 жылы - 43 мектеп бітіруші) ең жоғары 125 балды жинады. 32 681 (25,9% ) оқушы 100 балдан артық балл жинады (2010 жылы – 24 278 (22,6 %).
Республика бойынша орташа балл 86,7-ні құрады (2010 жылы 84,8 %).
"Алтын белгіге” үміткерлердің жалпы саны 5 037, оның 4 982-сі тестілеуге қатыстып, 3 259-і (65,4%) өздерінің үздік білімдерін растады. Үздік білімдерін растай алмағандар – 1720, оның ішінде бір пән бойынша – 996.
450 мектеп бітірушіге "Алтын белгі” белгісін растауға 1 балл жетпей қалды. Бірақ оларға үздік аттестат беріледі.
59 мектеп бітірушінің тестілеу нәтижелері жойылды (2010 жылы - 22).
154 ҰБТ-ны өткізу пунктіне 4447 апелляциялық өтініштер түскен. Оның ішінде, апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссияға 640 өтініш жіберілген, оның 108-і қанағаттандырылды (2010 жылы - 109), 532-і қанағаттандырылған жоқ , бұл жалпы барлық тест тапсырмалары базасының (119 мың) 0,09 % құрайды.
Өтініштердің басым көпшілігі Қазақстан тарихы, математика, қазақ тілі және ағылшын тілі пәндерінен түскен.
ҰБТ-ның өту барысын бақылауды Министрлік өкілдері және жергілікті жерде құрылған мемлекеттік комиссиялар мен ҰБТ-ны өткізу және үйлестіру жөніндегі штабтар жүзеге асырды.
Министрлік жыл сайын мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналары арасында ҰБТ-ны дайындау және өткізу мақсатында кешенді іс-шаралар өткізеді.
Мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналары, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің арасында өткізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қарамастан, ұялы байланыс телефондарын, шпаргалкаларды пайдалану, орнына бөгде адамдарды кіргізу және тағы да басқа заңсыз тестілеуден өту әрекеттері жыл сайын орын алып отыр.
Қылмыстық істің қозғалуына байланысты Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы мектеп бітірушілерінің 4 маусым күнгі тестілеу нәтижелері жойылды (орташа балл – 107). Қайта тестілеу 10 маусым күні өткізілді (орташа балл – 80).
Сарыағаш қаласындағы ҰБТ-ны өткізу пунктінде тестілеудің 1-легін өткізу кезінде технологияның бұзылуына жол бергені үшін Министрліктің бұйрығымен мемлекеттік комиссияның төрағасы және төрағаның орынбасары ауыстырылды.
Жетісай қаласындағы «Сырдария» университетінің және Сарыағаш қаласындағы № 12 кәсіптік лицейдің базасындағы ҰБТ-ны өткізу пункттерінде тестілеу рәсіміне араласқаны үшін кезекшілер аудитория кезекшілігінен шеттетілді және ауыстырылды.
Жалпы алғанда, ҰБТ-ның қолданыстағы форматы мектеп бітірушілердің білімін бағалаудың объективті құралы болып табылады және жоғары білім алу үшін азаматтарға бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
ҰБТ-ның нәтижелеріне талдау жасалынады, мектептердің оқу-тәрбие процесін, стандарттар мен оқу бағдарламаларын жетілдіру, мұғалімдерді даярлауды және олардың біліктілігін көтеруді ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын болады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Просмотров: 1378 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Акерке Искакова  
0
lm,l,;pl,

Имя *:
Email *:
Код *: