12:36
Патриоттық рух рауаны

ЖАС ҰЛАНДАР һәм ЖАС ҚЫРАНДАР ПЫРАҚТАДЫ

Қасиетті Күннің сәулесімен нұрланған майда мамырдың бірінші күні, Қазақстан Республикасы халықтары бірлігі күні мерекесінде, Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінде 1-9 сыныптар оқушыларын «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдердің ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігіне мүшелікке салтанатты түрде қабылдау рәсімі ұйымдастырылды.

Ал бұдан сәл ертерек бесқарағайлықтар үлкені ьар, жасы бар, мұғалімі бар, шәкірті бар – бәрі-бәрі жапа-тармағай орталық көше болып табылатын Құсайынов көшесімен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының жалауын, еліміздің Туы түстес жалаушаларды байрақтата һәм қызылды-жасылды шарлармен көз тұндыра салатанатты шеру жасады. Мектеп алдына бір адамдай жиналған жұрт алдында ауыл әкімі Балтабаев Е.Н., мектеп директоры Белгібаева А.М. бесқарағайлықтарды және қонақтарды осынау тамаша мейраммен құттықтап, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Импровизацияланған сахнада «Тұмар» би тобы өзбек биін орындап, мектеп оқушылары Ерсайын Аяулым, Молдажанова Камила, Мұратұлы Мират патриоттық әндер шырқап, көрермендерді дән риза етті.

Мектеп спортзалына мейілінше жиналған қауым «Жас ұлан» қатарына оқушыларды қабылдау рәсімінің куәгерлері болды. Аға тәлімгер Ахметов Қ.А. жетекшілік жасайтын мектептегі бұл ұйымның қазіргі таңда республикалық деңгейдегі маңызы орасан.

Бұл күні қатарға қабылданған оқушылар елді құрметтеуге, Отанды сүюге, саналы тәрбиеленуге, сапалы білімденуге және тағы басқасына ант берді. Ал ардагер мұғалімдер, қатардағы ұстаздар міне-міне жасұландықтар мен жасқырандықтарға мойындарына көк галстуктерді, жүрек тұсына арнайы төсбелгілерді мейірлене байлады да қадады.

Ауылдың ардагерлер Кеңесінің төрағасы Темірғалин С.Ә. оқушыларды құттықтаса, ауыл имамы Жамбыл ақсақал балғын-балдырғанға, бозбала-бойжеткенге бата берді.

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ЖОББМ оқу істері меңгерушісі

Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 1845 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: