07:30
Ойлау және сөйлеу

СӘТТІ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗУДІҢ 3 ШАРТЫ

Кәсіп жолында жүрсеңіз, қомақты қаражатқа келіссөз жүргізу үшін сіздегі сөз сенімді, айтар ойыңыз нақты болуы керек. Тек кәсіп емес, жалпы тіл табысып, келіссөзді жүргізу кез келген мамандықта кездесетін іс. Сондықтан бұл кеңестер сізге күнделікті өмірде де қажет болары сөзсіз.

Төмендегі кеңестерді мұқият оқып, тәжірибеңізде қолданып көріңіз:

- Тыңдаушы немесе тұтынушының қажеттілігін өтеу, оның басты проблемасын шешу арқылы келіссөзді оңтайлы шешу;

- Тыңдаушының алатын пайдасын көбірек айту, яғни сіз бас пайдаңызды ғана ойламай, ол адамның алар пайдасы мен ол үшін маңызды деген ақпаратты жиі айтсаңыз, келіссөз сәтті өтеді;

- Келісімшарт жасауда «иә» жауабын алғыңыз келсе, мүмкіндіктер жайлы көп айтыңыз. Ұсынысыңыздың не үшін пайдалы әрі қажет екенін тыңдаушыға салмақ салмай түсіндіріңіз. Қалай да өткізу емес, тұтынушының өз қалауын тыңдай отырып, оған шын мәнінде пайдалы болуды көздеу керек. Егер алдау, сату, қалай да өзіңіздің қалтаңызды қалыңдату мақсатында келіссөз жүргізетін болсаңыз, ол бүгін сәтті болғанымен, келесі тыңдаушыға келгенде өтпей қалуы әбден мүмкін. Сауданы да адалынан атқару үшін сіз ұсынып отырған ұсыныстың шын мәнінде серіктесіңізге пайдалы болуын қадағалау керек.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 98 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: