СӨЙЛЕУ СӘТІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ КӨПШІЛІККЕ ӘСЕРІ
Сөйлеу кезінде тыңдаушыға ойды дәлелді, нақты жеткізу дұрыс қолданылған ым-ишара, іс-қимыл арқылы жүзеге асады. Бет-бейне құбылыстары мен ішкі сезімдерді дене қимылы арқылы сауатты жеткізе білетін адам тыңдаушыларды жалықтырмайды.
Айталық:
- Адамды баурап алу – сөздің мағынасына сәйкес жарасымды әрекеттер арқылы тыңдаушыға әсер ету;
- Қолды ретімен сермеу, бас шұлғу-шайқау, қол бұлғау әрекеттері мөлшерімен қолданылса, сөзіңіз жандана түседі;
- Сөзіңізді бастағаннан кейін, айдаладағы бір нүктеге қадалмай, аудиториядағы адамдардың көздеріне қарап, көзді ойнатып, реті келсе сөзіңді қостайтындай қимыл жасау – сіздегі кәсібилікті аңғартады;
- Сөз арасында «бірінші, екінші» деп санамалап жеткізетін ақпарат болса, бармақтарыңызды бүгу немесе ашу арқылы сөйлем мағынасын түсіндіре аласыз;
- Сондай-ақ сөзге көңіл-күй қосу үшін қасты керу, қабақты түю, басты қимылдату, көзді бақырайту сияқты әрекеттермен аудиторияны үйіре аласыз.
баспаға әзірлеген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)
Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|