12:53
Қоғам талқысы

ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

Еліміздің жетекші саяси күші «Нұр Отанның» XV съезінде партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Саяси көшбасшылықтың принципті мәселесі ретінде сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресудің стратегиясын әзірлеуді» тапсырған болатын. Аталмыш жоба дайындалып, нық бекіту мақсатымен бүкіл елдің назарына ұсынылды. Партиялық филиалдарда, бастауыш ұйымдарда қызу талқыға салынып, мақұлдануда. «Нұр Отан» партиясының Лебяжі аудандық филиалына қарасты «Бесқарағай» бастауыш партия ұйымы да биылғы жылдың жазында аталмыш жобамен танысып, өз бағасын берді. Партиялық жиналысты тізгіндеген Қызылағаш ауылдық округі әкімі және бастауыш партия ұйымының төрайымы Ж.Байтілеуова және орынбасары Б.Ибраһим бесқарағайлық нұротандықтарға жобаның жай-жапсарымен таныстырды, маңызды тұстарын мазмұндады.

Зерделесек, 2008 жылдан бері қолданыстағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі бағдарлама тұтастай алғанда қойылған міндеттерді жүзеге асыруға негіз  болды. «Қазақстан-2050» Стратегиясы міндеттері және партия Доктринасы басымдықтары ескерілген Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағдарламасы мемлекеттің және тұтас қоғамның күшін жемқорлыққа қарсы жұмылдыруға бағытталды. Көзделген мақсатты жүзеге асыру үшін құжатта азаматтық қоғамды, бизнес қауымдастығын жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту, мемлекеттік органдардың, корпоративтік сектордың қызметіне бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды жетілдіру, мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізу, көлеңкелі экономикаға тосқауыл қою қарастырылды. Сонымен қатар, қоғамда жемқорлыққа төзімсіздік мәдениетін және білім мен тәрбиенің барлық деңгейінде жемқорлыққа қарсы дағды моделін қалыптастыру да қамтылған.

Жұртшылық назарына ұсынылған Бағдарлама жобасына сәйкес, жемқорлыққа қарсы іс-шараларда негізінен бастауыш партия ұйымдарының маңызын арттыру көзделген. Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие жүйесі, партияның Жемқорлықпен күресу бағдарламасын жүзеге асыру  жөніндегі Баяндаманы жариялау сияқты механизмдерді және басқа да жаңалықтарды енгізу қарастырылған. Бағдарламаның басты міндеті – Қазақстанда маңызды үш элементтен тұратын жүйені құру. Біріншісі, азаматтарға қызмет ететін тиімді мемлекет, екіншіден, ол - экономикалық дамудың қозғаушы күші, азаматтық қоғамның тірегі ретіндегі мықты бизнес, үшіншіден, жауапкершілікті азаматтық қоғам. Бағдарламаның тиімді жүзеге асырылуы үшін әр бес жыл сайын Жол картасы, ал жыл сайын Іс-шаралар жоспары әзірленеді деп жоспарлануда.

Сайып келгенде, жобаны қоғам талқысына салған «Бесқарағай» бастауыш партия ұйымының мүшелері оны толық түрде қолдап, мақұлдады.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ[i]

Бесқарағай  ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

 

[i] Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, №3741-мүшелік билет

Просмотров: 802 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: