00:06 Құндылық қадамы | |
ӘДЕПТІЛІК Қысқа мерзімді іс-шара #3 Атауы: Құпия хаттарға жауап бер Уақыты: 15-20 минут Түрі: ойын Орындалуы: Құпия хаттар қатар қойылады. Бір қатысушы шығып, хатты оқып, жауабын айтады. Мұғалім барлық құпия хатты араластырып таратады. Құпия хаттар біреуге көп, екіншісіне аз тиюі мүмкін. Бір-бірімен ақылдаспай әрқайсысы өз құпия хатында не жазылғанын оқиды да, оның әрқайсысын өз тиісті орнына жазуын жоғары қаратып қояды. Мысалы, бір құпия хатта «үлкен адамның алдын кесіп өтпейсің» деп жазылған. Егер оқушы бұл айтылғанмен әрқашан келісетін болса, онда ол құпия хатты орталық алаңға, келіспесе өзге алаңдарға қояды. Барлық оқушы құпия хаттарды қойып болғаннан кейін, тағы да өзгелермен ақылдаспай басқалар қойған құпия хаттарды көріп шығады. Егер біреу құпия хат дұрыс қойылмаған деп есептесе, оның жазуын теріс қаратып қояды. Бұл кезең аяқталған соң нәтижені талдайды. Теріс аударылмаған құпия хаттар бүкіл сыныптың пікірін білдіеді. Келесі кезең – теріс аударылған әрбір құпия хатты талдау. Сынып бұл құпия хатты осы алаңға кім қойғанын, кім теріс аударғанын анықтайды. Одан соң бұл құпия хат шын мәнінде қайда тұруы керек екендігі анықталады.. Қорытынды: Оқушылар бір-бірінің пікірін білуге және өз пікірлерін білдіруге үйренеді. Қоғамда қалыптасқан әдеп ережелерімен танысады.
#4 Атауы: Екі шеңбер Уақыты: 15-20 минут Түрі: ойын Орындалуы: Бормен екі үлкен шеңбер сызылады. Мұғалім этика туралы дәйектемелер келтіріп, алдын ала дайындалған ақпаратпен бөліседі. Мысалы, «Танымайтын адам сәлемдессе жауап беру керек пе? Тамақ жегенде тек қана оң қолды қолдану керек пе? Адаммен сөйлесіп тұрған кезде мобильді телефонды қолдану дұрыс па? Т.б. Осы ережемен келісетіндер бір шеңбер ішіне жиналады. Келіспейтіндер екінші шеңберге жиналады. Осылай бір-біріне не үшін олай ойлайтынын түсіндіруі керек. Ойын соңында қорытынды ойларын түйіп, шешімдер қабылдауға болады. Қорытынды: Оқушыларға әдеп қағидалары жайлы қосымша ақпарат беру. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
