21:55 Құндылық қадамы | |
ӘДЕПТІЛІК Қысқа мерзімді іс-шара #1 Атауы: «Ғажап нәтиже!» Уақыты: 15 минут Түрі: эксперимент Қажетті материалдар: 2 шыны стақан, йод, пипетка, ампуладағы аскорбин қышқылы немесе лимон шырыны Орындалуы:
Қорытынды: Әдепті болып, әдепсіз балалардың қылықтарын көріп жиреніп, өзгеруге болады екен. Оқушылар әдепсіз баланы жақсылыққа шақыру арқылы және жақсы үлгі көрсету арқылы түзетуге болатынын түсінеді.
#2 Атауы: Құпия сөз Уақыты: 15-20 минут Түрі: ойын Орындалуы: Бес оқушы ортаға шығады, біреуі сыртқа шығып кетеді. Мұғалім оған оқыған қызықты әңгімесін еске түсіріп, сынып алдында баяндауға тапсырма береді. Қалған төрт оқушының әрқайсысы өзіне құпия сөз таңдайды. Мысалы: біреуі – «Сәлем беру», екіншісі – «Өтінемін», үшіншісі – «Тыңдаңдаршы, қараңдаршы», төртіншісі – «Сипау керек». Келісіп алған соң, шығып кеткен оқушыны шақырады. Ол ортада тұрған оқушыларға оқыған әңгімесін айта бастайды, бірақ олар оны тыңдамау керек. Тек қана олардың құпиясөздері айтылған кезде ғана тыңдай бастайды. Ойын шарты бойынша бәрінің құпия сөзін табу керек. Қорытынды: Оқушылар әдепті сөйлеуге, тыңдарманның көңілін табуға, қарым-қатынас құруға, қарсы тұрған адамның не күтіп тұрғанын түсінуге үйренеді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
