23:15
Құндылық қадамы

ӘДЕПТІЛІК

Сөйлесу, қарым-қатынас әдебі

Әдеп адамның өмір сүру тәсілі мен өмір жолына байланысты. Егер көп ішінде тіпті бір ғана адам әдепсіз болса, яғни өтірікші, екіжүзді, жалақор, ұятсыз, ата-ананы, үлкенді сыйламайтын болса, оның бұл жаман қасиеттері айналасындағыларға әсер етіп, зиянын тигізбей қоймайды. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегенді халық бекер айтпаған. «Жақсы адам болып қалыптасу үшін жаратылысынан гөрі жаттығудың рөлі зор», - деген ежелгі грек философы Демокрит.

Кісіге екі дүниеде бірдей пайдалы үш нәрсе бар: біріншісі – игілікті іс пен пәк мінезділік; екіншісі – ұят, үшіншісі – әділдік. Адам осы үшеуі арқылы бағыт табады. Барлық теңсіздікті – ұят тыяды дейді. Ұятсыздық – адамның емі жоқ кеселі.

Сондықтан адамадрмен қарым-қатынаста ар-ұят шекарасын асып кетпеу өте маңызды. Жан-жағына қарамастан ұятты қойып, өзімдікі дұрыс, мен білем деушілік юарып тұрған көргенсіздік. Бұл әдепсіздіктен де асып түседі. Әдепсіз адамның бейнесі кімді болса да жирендірген. Басқаның пікірін тыңдамай, айналасындағыларды оңай тенжітетін, жала жауып, мазақ ететін адам сыйлы болмақ былай тұрсын, өзіне сенімді дос та таппайды.

Әдептілік – барлық адамдарға жарасатын қасиет. Ол адам бойына жылдар бойы берілген жақсы тәрбиенің арқасында қалыптасады. Жақсы әдет, жақсылық жасау бұл қай жерде болмасын – өнеге, қасиет. Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, қорғаны – сабыр, жолдасы – кәсіп, қорғайтын қорғаушысы – мінез, бәрін тәртіпке реттейтін – әдептілік. Адамдар әрқашан бет сұлулығымен емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі болады.

Әділдік, ұят – ізгі іс. Біріксе тудырар сүйініш.

Әлемге әйгілі Әбу Насыр әл-Фараби былай деген: «Әдептілік – әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы, қазынасы». Ендеше, рухани қазынамыз әдептілікті барлық жерде сақтауға тырысайық.

Әдепсіз өскен адамнан,

Тәртіппен өскен тал жақсы.

Ілияс Есенберлин

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 6 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: