09:21
Құндылық қадамы

ЖАУАПКЕРШІЛІК

Ұзақ мерзімді іс-шара

#1

Атауы: Гүл өсіру

Уақыты: 1 ай

Түрі: тәжірибе

Қажетті материалдар: гүлдің өскіні, гүл құмырасы, су, тыңайтқыштар

Орындалуы:

  1. Гүлдің өскінін суға салып қояды. Гүлдің тамыры шыққанға дейін оған бақылау жүргізу;
  2. Гүлдің тамыры шыққан соң оны топыраққа отырғызады. Гүлді күнделікті баптау;
  3. Нәтижесін талдайды. Өсімдіктерге тамыр не үшін қажет екенін ұғындыру, өсімдіктің өсіп, өркен жаюы үшін не қажет екенін түсіндіру. Өсімдікті өз жауапкершілігіне алу. Тәжірибе арқылы гүлдің қалай өсіп шығатынын, оны қалай баптап, күту қажеттігін көрсету. Жауапкершіліктің жемісін көру.

Қорытынды: Отырғызған гүлдерін баптау, суғару жұмыстары арқылы жауапкершілікке тәрбиелеу. Гүл әдемі болып өссе жауапкершілігінің нәтижесін көреді.

 

 #2

Атауы: «Жер планетасындағы біздің жауапкершілік»

Уақыты: 2 апта

Түрі: жоба жасау

Орындалуы: Оқушыларға берілген тақырып бойынша жоба жасауға тапсырма беріледі, яғни жер планетасын сақтау үшін, пайдасын тигізе алатындай жұмыс жасап ұсына алады. Бұл жоба адамзатқа пайдалы, әрі табиғатқа кері әсерін тигізбеуі қажет. Алдымен балаларға түсіндірме жұмысын жүргізу қажет. Қазіргі заманда табиғат үшін, әлем үшін қолайлы етіліп жасалған заттарды мысалға келтіру. Балалардың жасап әкелген затының сапасы, әдемілігі маңызды емес. Ең бастысы – идеясы, талпынысы.

Қорытынды: Жер планетасында өмір сүріп жатқандықтан, оған күтіммен, жауапкершілікпен қарауымыз қажеттігіні түсіндіру. Жер адамзат өмір сүріп жатқан орта болғандықтан, қиянат жасамай, игі істер жасау керек екенін ұғындыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 9 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: